Басты бет › Экологиялық мәдениет және тұрақты даму: елордалық колледж студенттеріне арналған дәріс

Экологиялық мәдениет және тұрақты даму: елордалық колледж студенттеріне арналған дәріс

Экологиялық мәдениет және тұрақты даму: елордалық колледж студенттеріне арналған дәріс Экологиялық мәдениет және тұрақты даму: елордалық колледж студенттеріне арналған дәріс Экологиялық мәдениет және тұрақты даму: елордалық колледж студенттеріне арналған дәріс Экологиялық мәдениет және тұрақты даму: елордалық колледж студенттеріне арналған дәріс

Д.А. Қонаев атындағы колледж студенттеріне «Қазіргі заманғы экологиялық проблемалар: жағдайы және шешу жолдары» тақырыбында дәріс өткізілді.

Сабақ барысында негізгі назар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін, эко-патриотизмін қалыптастыру проблемаларына, сондай-ақ «тұрақты даму», «жасыл экономика» және басқа да тұжырымдамалардың негізгі ережелерін зерделеуге бағытталды.

Бұдан басқа, азаматтарда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға, табиғат нысандарына, көшелерге, аулаларға, саябақтарға ұқыпты қарым-қатынас мәдениетін дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясына терең талдау жасалды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауында атап өткендей: «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті сыртқы келбетті қалыптастыру, қалаларды абаттандыру басымдыққа ие болып, маңызды мемлекеттік міндет ретінде қабылдануы тиіс. Бұл «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының рухына толық сәйкес келеді».

Дәріс соңында студенттер экологиялық акциялар мен жобаларға қатысу тәжірибелерімен белсенді бөлісіп, терең теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.