Басты бет › Республика күні қарсаңында Президенттік орталық елордалық оқушыларға арналған көшпелі сабақ өткізді

Республика күні қарсаңында Президенттік орталық елордалық оқушыларға арналған көшпелі сабақ өткізді

Республика күні қарсаңында Президенттік орталық елордалық оқушыларға арналған көшпелі сабақ өткізді Республика күні қарсаңында Президенттік орталық елордалық оқушыларға арналған көшпелі сабақ өткізді Республика күні қарсаңында Президенттік орталық елордалық оқушыларға арналған көшпелі сабақ өткізді Республика күні қарсаңында Президенттік орталық елордалық оқушыларға арналған көшпелі сабақ өткізді

Ұлттық мерекеге орай ҚР Президенттік орталығы Астана қаласының №93 мектеп-лицейінің оқушылары үшін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбындағы көшпелі дәрісті ұйымдастырды.

          Дәріскер тақырыпты 1990 жылғы 25 қазанда қабылданып, болашақ тәуелсіздік рәміздерінің бекітілуіне негіз болған Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясымен байланыстырды. Сондай-ақ, рәміздердің қабылдану тарихы мен құқықтық негіздерін ашып көрсетіп, оқушыларды отаншылдыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.

          Сабақ тақырыптық слайдтар мен бейнежазбалар қолданылған дәріс форматында өтіп, әңгімелесу мен пікір алмасуға негізделді. Сегізінші сынып оқушылары мемлекеттік ту мен елтаңба элементтерінің геральдикалық мағынасын талдап, әнұранның шығу тарихы мен авторлары туралы мәлімет алды.

          Қорытынды бөлімде өскелең ұрпақтың азаматтық жауапкершілігі мен мемлекеттік рәміздерді қастерлеудің маңыздылығы талқыланды.