Басты бет › Мемлекет басшысы және оның рөлі: елордалық мектеп оқушыларына арналған көшпелі сабақ

Мемлекет басшысы және оның рөлі: елордалық мектеп оқушыларына арналған көшпелі сабақ

Мемлекет басшысы және оның рөлі: елордалық мектеп оқушыларына арналған көшпелі сабақ Мемлекет басшысы және оның рөлі: елордалық мектеп оқушыларына арналған көшпелі сабақ Мемлекет басшысы және оның рөлі: елордалық мектеп оқушыларына арналған көшпелі сабақ Мемлекет басшысы және оның рөлі: елордалық мектеп оқушыларына арналған көшпелі сабақ

Президенттік орталығы Астана қаласының № 6 гимназиясының оқушыларына Қазақстан Республикасындағы президенттік институтқа арналған көшпелі дәріс өткізді.

Білім беру іс-шарасы барысында оқушылар мемлекеттік басқарудың маңызды қырларымен танысты. Дәріс бағдарламасы кіріспе, президенттік институттың ұғымы мен мәнін терең талдау, сондай-ақ оның қалыптасу тарихы мен еліміздегі даму ерекшеліктерін қамтыды.

Дәріскер Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктеріне тоқталып, Мемлекет басшысының құзыреті мен міндеттеріне, елдің саяси жүйесіндегі рөліне ерекше назар аударды. Оқушылар ҚР Президентінің ерекшелік белгілерімен танысты.

Кездесу соңында қорытынды жасалып, өткен материалдар бекітілді. Оқушылар елдің мемлекеттік құрылымына деген жоғары қызығушылықтарын танытып, сұрақтарға белсенді жауап берді.