Басты бет › Жас ұрпаққа үміт артып: Президенттік орталық өңірлерге арналған семинар-тренингтерді жалғастыруда

Жас ұрпаққа үміт артып: Президенттік орталық өңірлерге арналған семинар-тренингтерді жалғастыруда

Жас ұрпаққа үміт артып: Президенттік орталық өңірлерге арналған семинар-тренингтерді жалғастыруда Жас ұрпаққа үміт артып: Президенттік орталық өңірлерге арналған семинар-тренингтерді жалғастыруда Жас ұрпаққа үміт артып: Президенттік орталық өңірлерге арналған семинар-тренингтерді жалғастыруда Жас ұрпаққа үміт артып: Президенттік орталық өңірлерге арналған семинар-тренингтерді жалғастыруда

ҚР Президенттік орталығы еліміздің өңірлеріндегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттері мен жоғары сынып оқушыларының басын қосқан «Жаңа шындықтағы Қазақстан: өзгерістер дәуіріндегі жастар» атты екі күндік онлайн семинар-тренинг өткізді. Оған М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері, сондай-ақ Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының жалпы білім беретін мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Оқыту бағдарламасы жаңа буынның институционалдық реформаларды, құқықтық сауаттылықты талқылауға атсалысуына және жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар кездесулер қорытындысы бойынша өз пікірлерімен, алған әсерлерімен белсенді бөлісті.

Жанель Қайназар, М. Әуезов атындағы ОҚУ студенті:

«Маған саяси трансформациялар, әділеттілік құндылықтары және азаматтық мінез-құлық қағидаттары туралы маңызды мәліметтер алудың сәті түсті. Кемел қоғамның қалыптасуы әрқайсымыздың жеке жауапкершілігімізден, заңға және өзгенің пікіріне деген құрметтен басталады. Бұл диалог маған осы үйреншікті нәрселерге басқа қырынан қарауға мүмкіндік берді».

Құралбай Зейнадин, Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы №21 мектептің оқушысы:

«Еліміздің болашағы, адам құқықтары, сондай-ақ теңдік пен әділдік арасындағы нәзік шекара басты назарда болды. Пікірталастар өте қызу өтті, өзіме көптеген пайдалы дүниелерді ұғындым. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған, ол үшін спикерлерге алғысым шексіз!»

Ұйымдастырушылар жастардың жоғары белсенділігін, азаматтық ұстанымдарын ашық білдіруге және мемлекеттің болашақтағы дамуы үшін жауапкершілікті бөлісуге деген дайындығын ерекше атап өтті.