Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында «Іргелі ғылым және заманауи білім беру: ММУ Қазақстан филиалына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шара ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдар, ғылыми және сараптамалық қоғамдастық өкілдері, Қазақстанның, Ресейдің және ТМД-ның басқа да елдерінің жетекші ғалымдары мен оқытушылары қатарынан 400-ге жуық қатысушыны біріктірді.
Конференция Ресейдің жетекші университеттері бірінің түңғыш шетелдік филиалы болып табылатын ММУ Қазақстандық филиалының мерейтойлық жылының маңызды оқиғаларының бірі екен. Қатысушылардың назарында заманауи ғылыми зерттеулер, перспективалық білім беру практикалары, инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту болды.
Өз кіріспе сөзінде ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат елдің тұрақты дамуы, қоғамның зияткерлік әлеуетін нығайту және жаңа буын мамандарын даярлау үшін сапалы білім берудің маңыздылығын атап өтті.
«Биылғы конференция Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығының мерейтойлық жылында өтуде. Дәл қазір біздің еліміз ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың басталуын белгілеген жаңа Конституцияны қабылдаумен байланысты дамудың жаңа тарихи кезеңіне аяқ басқаны аңық. Мемлекеттік дамудың жаңа кезеңінің міндеттерін іске асыру жоғары технологиялық және әлеуметтік динамика жағдайында жұмыс істей алатын кәсіби дайындалған, жауапты және бастамашыл мамандарды талап етеді. Мұнда да ширек ғасыр ішінде Қазақстанның жоғары білім беру флагмандарының бірі және жоғары білікті кадрлардың ұстасы ретінде қалыптасып қана қоймай, сонымен қатар біздің елдеріміз арасындағы ғылыми және мәдени-білім беру өзара іс-қимылының шынайы көпіріне айналған ММУ Қазақстандық филиалы өз елеулі үлесін қосуда. Бұл тұрғыда бүгінгі іс-шара филиалдың өткен ширек ғасырлық жолына құрмет қана емес, сонымен бірге бірлескен болашақты жобалаудың стратегиялық платформасы болып табылады», - деді Б. Темірболат.
Конференция аясында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытудың, ғылыми-зерттеу бастамаларын қолдаудың және ғылым мен білім беруді интеграциялаудың маңыздылығын атап өтті.
«Ширек ғасырда осында ғалымдардың жаңа буынын іргелі даярлауды, зерттеу мен тәрбиелеуді біріктіретін қуатты білім беру кешені қалыптасты. ММУ Қазақстандық филиалының 3000-нан астам түлегі мемлекеттік органдарда, университеттерде, ғылыми ұйымдарда және жетекші компанияларда жұмыс істейді. Филиал әр түрлі білім салаларындағы мамандардың күш-жігерін біріктіре отырып, ғылыми-зерттеу қызметін дәйекті түрде дамытады, зерттеулер математика, есептеу-математикалық модельдеу, экология, табиғатты пайдалану, филология, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарды қамтиды. Бағыттардың мұндай алуандығы өзекті ғылыми міндеттерді кешенді шешуге және қазіргі зерттеу ортасын қалыптастыруға деген ұмтылысты көрсетеді», - деді спикер.
М.В. Ломоносов атындағы ММУ Халықаралық қатынастар басқармасының проректоры-бастығы Юрий Мазей өз сөзінде университеттердің іргелі ғылымды дамытудағы рөліне және Мәскеу университетінің шетелдегі білім беру дәстүрлерін сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
«Бастапқыда Қазақстандық филиал ММУ-дің ең тұңғыш шетелдік филиалы болды, ал бүгінде Мәскеу университетінде 5 филиал жұмыс істейді. Бұл университеттер қазақстандық модель бойынша Өзбекстанда, Тәжікстанда, Әзірбайжанда, Арменияда және сәл кейінірек Қытайда құрылды. Мәскеу университеті үшін Қазақстандық филиал ерекше мақтаныш екенін атап өткім келеді. Бұл филиалдыңқазіргі заманғы Ресей-Қазақстан қатынастарын дамытудағы маңыздылығын айқын түсінудеміз және оның одан әрі сәтті дамуы біздің елдеріміз арасындағы байланысты одан әрі кеңейтеді деп үміттенеміз», - бөлісті Ю. Мазей.
«Ғылым күшіне тек ғылымның тәрбиесі арқылы, оқу процесінде әлемнің құпиялары мен оның заңдылықтарын үнемі түсіну арқылы қосылуға болады. Шындықты іздеу арқылы студент ғылымға деген сүйіспеншілікті дамытады, бұл оның өмірі мен іс-әрекетінің қажеттілігіне айналады. Мәскеу университеті тәрбиесінің түбірі болатын білім берудің негізділігі тәрбие мен ғылымның бірлігіне сүйенеді», - айтты ММУ Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидорович.
Конференцияның ғылыми күн тәртібі Қазақстан мен халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін дамытудың заманауи сын-қатерлері мен басымдықтарын көрсететін кең ауқымды бағыттарды қамтыды. Жұмыс келесі секциялар бойынша жүргізілді:
1. Математика мен ақпараттық технологиялардың заманауи мәселелері;
2. Математикалық модельдеу және жасандыинтеллект технологиясының мәселелері;
3. Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайындағыэкономика мен экономикалық білім беруді дамытубағыттары;
4. Қазақстанның экологиялық проблемалары: қазіргі заманғы сын-қатерлер мен тәуекелдер;
5. Білім беру кеңістігіндегі филология: дәстүрлермен инновациялар;
6. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жәнеолардың Қазақстанның қазіргі дамуындағы рөлі.
Осы бағыттарды талқылау әртүрлі зерттеутәсілдерін біріктіруге, ғылыми және практикалықтәжірибе алмасуға, пәнаралық зерттеулердіңперспективаларын анықтауға, ғылыми және білімберу ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңабағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.
Іс-шара барысында ҚР Ұлттық БанкіТөрағасының орынбасары Виталий Тутушкин, ММУ ЕМК факультетінің деканы Игорь Соколов, «Applied Economics Research Centre» талдауорталығының ғылыми жетекшісі ЖақсыбекКулекеев, ҚР Ұлттық музейінің директоры БерікӘбдіғалиұлы, Математика және математикалықмодельдеу институтының бас ғылыми қызметкеріМахмұд Сәдібеков және Шенжендегі ММУ-ППИ бірлескен университетінің бірінші проректоры Сергей Иванченко да сөз сөйледі.
Конференцияның айрықша маңыздылығы – оныңкүн тәртібі экономиканы, цифрлық технологияларды, экологиялық қауіпсіздікті және гуманитарлық саланыдамытуға қатысты іргелі зерттеулер мен қолданбалыміндеттерді біріктірді. Бұл тәсіл академиялық ғылым, жоғары білім беру жүйесі және қоғамныңпрактикалық қажеттіліктері арасындағы байланыстынығайтуға ықпал етеді.
Конференция қорытындысы бойынша ғылымиматериалдар жинағы шығарылады.