Астана қаласының №116 жалпы білім беретін мектебінде ҚР Президенттік орталықтың көшпелі музейлік дәріс өтті. Тағылымды сабақ ұлттық зергерлік кәсіптің көне тарихы мен бірегей дәстүрлеріне арналды.
Интерактивті сабақ барысында оқушылар зергерлік өнердің көшпелі мәдениеттен бастау алған тарихымен және оның ерекшеліктерімен танысты.
Сонымен қатар дәріскер ерте темір дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі зергерлік дәстүрлердің сабақтастығын көрсетіп, XVII-XVIII ғасырлардағы қазақтың күміс әшекейлерінің сакралды мәні мен олардың дәстүрлі киімдегі рөлі туралы айтып берді.
Президенттік орталықтың музейлік сабақтар жобасы өскелең ұрпақтың бойында ұлттық бірегейлікті дамытуға және елдің мәдени мұрасын дәріптеуге бағытталған.