Басты бет › Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған музей сабағы

ҚР Президенттік орталығы №35 «Ертегі» балабақшасының тәрбиеленушілеріне арналған көшпелі музей сабағын ұйымдастырды. Сабақ «Атамекен» ғылыми-білім беру жобасы аясында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жас тыңдаушыларды еліміздің мәдени-тарихи құндылықтарымен таныстыру, сондай-ақ музейдің бірегей әлеміне шолу жасау арқылы патриотизм мен руханиятқа тәрбиелеу.
Сабақ демонстрация, әңгіме мен шығармашылық тапсырмаларды біріктіретін динамикалық ойын түрінде өтті. Бұл тәсіл балалардың сөздік қорын жандандыруға және олардың қоршаған әлемді өз бетінше игеру дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Шынайы музей заттарының көрсетілімі кішкентай тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жарқын мультимедиялық презентация мен көрнекі материалдар арқылы балалар ҚР Президенттік орталығының коллекцияларынан алынған жәдігерлермен танысты.
Алынған білімді бекітуге «коллекцияны толықтыр» атты интерактивті ойыны көмектесті, онда балалар үлестірме карточкалар және музей жәдігерлерінің суреттерімен жұмыс істеді. Кездесу соңында балалар алған әсерлерімен бөлісті.