Басты бет › Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды

Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды

Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды Деректерде жанданған тарих: Президенттік орталықта даланың әскери өнері баяндалды

2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» тақырыбында интерактивті музей сабағы өтті. Танымдық дәріске Нәзір Тореқұлов атындағы № 35 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

          Іс-шараның басты мақсаты – бабалар аманатын ардақтау, өскелең ұрпақты тарихымыздың ерлік беттерімен таныстыру және оларға патриоттық тәрбие беру.

          Сабақ дәстүрлі түрде музейдің экспозициялық залында өткізілді. Оның барысында қару-жарақ пен әскери жабдықтардың бірегей топтамасы көрсетілді. Оқушылар қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен қорғалуында шешуші рөл атқарған батырлар институтының тарихи маңызымен егжей-тегжейлі танысты. Дәріскер көшпелі қоғамдағы батырлардың жоғары әлеуметтік мәртебесі, олардың ар-намыс кодексі мен жауынгерлік ерліктерін баяндап берді.

          Сабақтың іс-тәжірибелік бөлімі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар билеушілер мен қолбасшыларға суық қару тарту етудің ежелгі дәстүрімен танысып, қазақ сарбазының бес міндетті жарақ түрінен тұратын «бес қару» кешенімен жіті танысты.

          Аталған бағыттағы сабақтар елордалық мектеп оқушыларының тарихи білімін кеңейтуге, ұлттық мәдени кодты терең ұғынуына және отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.