Басты бет › Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын...

Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады

Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады Жастар және жаңа дәуірдің сын-қатерлері: Президенттік орталық семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінен бастап ҚР ПІБ Президенттік орталығы «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» бағдарламасы бойынша екі күндік онлайн семинар-тренингтердің жаңа маусымын бастады, оның алғашқы тыңдаушылары Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарының жалпы білім беретін мектеп оқушылары болды.
Семинар-тренингтің басты мақсаты – қарқынды өзгеріп жатқан әлемде өскелең ұрпақтың өз әлеуетін толық жүзеге асыруы үшін қажетті белсенді азаматтық ұстанымын, көшбасшылық қасиеттері мен құндылық бағдарларын қалыптастыру.
Екі күндік онлайн бағдарлама аясында мектеп оқушылары мемлекеттік реформалардың негізгі бағыттарымен, Әділетті Қазақстанды құрудың өзекті міндеттерімен танысып, қазіргі қоғамды жаңғыртудағы жастардың рөлін талқылады. Теориялық дәрістерден бөлек, бағдарлама интерактивті компоненттерді де қамтыды: қатысушылар практикалық тапсырмаларды орындап, кейстерді талдады және сыни ойлау мен жобалық менеджментті дамытуға бағытталған командалық ойындарға қатысты.
Өткізілген іс-шаралардың маңыздылығы мен жоғары нәтижелілігі қатысушылар мен ұстаздар қауымы тарапынан кеңінен қолдау тапты. Осы орайда «Дарын» орталығының әдіскері Анар Маханбетова өзінің сарапшылық пікірін білдірді: «Семинар барысында оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымы, олардың білім мен инновацияға деген ұмтылысы, сондай-ақ қабілеттерін қолдаудың маңыздылығы егжей-тегжейлі талқыланды. Мектеп оқушыларының азаматтық-әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мәселесіне айрықша назар аударылды: бұл қоғамдық бастамаларға қатысу, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, өзгелердің құқықтары мен пікірін құрметтеу және әлеуметтік мәселелерге бейжай қарамау. Семинар жас ұрпаққа өз мүмкіндіктерін бағалауға, ел алдындағы жауапкершілікті сезінуге және жаңа идеяларға ұмтылуға үлкен мотивация берді».
Жас тыңдаушылар да өз әсерлерімен белсенді бөлісті. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қ. Жұмалиев атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Алинұр Қалиолла былай деп атап өтті: « «Әділетті Қазақстан» саяси бағыты, институционалдық реформалар және жаңа қоғамдық әдеп туралы маңызды ақпарат алдық. Мен көптеген жаңа мәліметтерді біліп қана қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге қатысты өз көзқарасымды қалыптастыра алдым».
Өз кезегінде Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Тоғжан Төлеген курстың мазмұндық ерекшелігін атап өтті: «Біз «Адал азамат» қағидаттары мен «Біртұтас тәрбие» идеяларының жастардың күнделікті өмірімен қаншалықты тығыз байланысты екеніне ерекше назар аудардық. Адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және Отанға қызмет ету сияқты құндылықтардың маңыздылығы туралы ойлар ерекше әсер қалдырды. Бұл семинар ел болашағына үлес қосу үшін белсенді азамат болудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектесті».6изменено 17:36