Басты бетКонституция және «Адал азамат» құндылықтары: Президенттік орталықта елордалық мектеп оқушыларына...

Конституция және «Адал азамат» құндылықтары: Президенттік орталықта елордалық мектеп оқушыларына арналған интерактивті музей сабағы өтті

Конституция және «Адал азамат» құндылықтары: Президенттік орталықта елордалық мектеп оқушыларына арналған интерактивті музей сабағы өтті Конституция және «Адал азамат» құндылықтары: Президенттік орталықта елордалық мектеп оқушыларына арналған интерактивті музей сабағы өтті Конституция және «Адал азамат» құндылықтары: Президенттік орталықта елордалық мектеп оқушыларына арналған интерактивті музей сабағы өтті Конституция және «Адал азамат» құндылықтары: Президенттік орталықта елордалық мектеп оқушыларына арналған интерактивті музей сабағы өтті

18 қыркүйекте ҚР ПІБ Президенттік орталығында республикалық референдумда еліміздің Негізгі заңының жақында жаңартылуына орайластырылған «Қазақстан Республикасының Конституциясы: адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» атты музей сабағы өтті. Интерактивті сабаққа тарих пәнінің мұғалімі Дәмегүл Сқақтың жетекшілігімен елордалық №15 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – қазіргі конституциялық өзгерістерді талқылау, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін ажырату, сондай-ақ «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының құндылықтарын пайымдау болды. Үйреншікті дәрістің орнына сабақ келелі сұхбат пен ситуациялық модельдеу форматында өтті.
Оқушылар рөлдерге бөлініп, «Конституциялық детектив» және «Сен не істер едің?» сияқты ойын блоктары барысында нақты өмірлік жағдайларды: ортақ чаттардағы кибербуллинг пен жалған ақпараттың таралуынан бастап, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талдады. Оқушылар әрбір қазақстандықтың азаматтық жауапкершілігінің тікелей көрінісі ретінде сипаттаған «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық бастамасына ерекше назар аударылды. Сабақ барысында 11-сынып оқушылары қуатты мемлекеттің негізгі формуласын шығарды: адал азамат + зерделі ұлт + жауапты қоғам = қуатты Қазақстан.
Сабақ соңында әрбір қатысушы өзінің жеке құқықтарын, міндеттерін және Отанының дамуына қандайлық нақты үлесін қосуға дайын екендігін көрсете отырып, өзіндік азаматтық формуласын жасады.
Ұйымдастырушылар түлектердің құқықтық мәдениеті мен сана-сезім деңгейінің жоғарылығын атап өтіп, ел болашағы жастардың бүгінгі таңдауына байланысты екендігін атап көрсетті.