Басты бет › Әдебиет байқауының шарттары

Әдебиет байқауының шарттары

Әдебиет байқауының шарттары

Қазақстан Республикасы Президенттік Іс басқармасының Президенттік орталығы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «X Абай оқулары» жыл сайынғы әдеби байқауын жариялайды.
1. Абайдың кез келген өлеңін мәнерлеп оқыған сәтін бейнеге түсіру (қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде);
2. Түсірілген бейнероликті Instagram немесе TikTok әлеуметтік желісінде #XAbai2026 хэштегімен жариялау;
3. Бір қатысушы (немесе команда) бір ғана шығарма ұсына алады;
4. +77052965396 WhatsApp нөміріне жарияланымның сілтемесін жіберу;
5. Байқауға өтініш 2026 жылғы 15 маусым – 30 қыркүйек аралығында қабылданады;
6. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау 2026 жылғы 5 қазаннан 10 қазанға дейін өткізіледі.
Байқаудың қорытындысы бойынша қатысушылар арнайы дипломдар, алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталады.
Байқауға қатысып, ақпаратпен әлеуметтік желілерде бөлісіңіздер!