Басты бетПрезиденттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовті...

Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды

Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды Президенттік орталықта Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Президенттікорталығында «Қазақстан жолы» жобасының аясындаСемей ядролық сынақ полигоны жабылуының 35 жылдығы және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығынаарналған «Полигон үнсіз қалғанда: тарихтыөзгерткен сөз» көрмесінің ашылуы өтеді.

Семей ядролық сынақ полигоны – ХХ ғасырдың ең ауыр экологиялық және гуманитарлық қасіреттерінің бірі. Полигон аумағында 1949 жылдан 1989 жылға дейін жалпы жиынтығы 456 ядролық сынақ өткізілді. Қырық жылдан астам уақыт бойы жүргізілген ядролық жарылыстар аймақтың экологиялық жүйесі мен миллионнан астам азаматтың денсаулығына орасан зор зиян келтірді.

1989 жылы құрылған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы халықтық дипломатияның тиімді құралына айналды. Бұл қозғалыстың көшбасшысы Олжас Сүлейменовтің қызметі қоғамдық сананы оятуда және мемлекеттік шешімдердің қабылдануына ықпал етуде шешуші рөл атқарды.

Семей ядролық полигонының зардаптарын, антиядролық қозғалыстың көшбасшысы, көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің қоғамдық-шығармашылық мұрасын және Қазақстанның бейбітшіл саясатын ҚР Президенттік орталығыныңқорларынан алынған материалдар негізінде ашып көрсету көрменің басты мақсаты болып табылады. Көрермендердің назарына 150-ден астам экспонаттар, архивтік құжаттар мен кітапбасылымдары ұсыналды.

Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық корпусының өкілдері, ғалымдар, білім және мәдениет саласының өкілдері қатысты. Барлығы шамамен 140 адам.

«Көрмеге қойылған жәдігерлер, фотосуреттер мен мұрағат құжаттары Семей ядролық сынақ полигонында жүргізілген сынақтардың қайғылы зардаптарын және Қазақстанның ядролық қарудың жойқын күшін бастан өткерген жерден бейбітшілік пен ядролық қарусызданудың әлемге танылған жақтаушысы мемлекетке дейінгі жүріп өткен жолын айқын көрсетеді. Биыл еліміз Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуде. Осы жылдар бойы Қазақстанжаһандық антиядролық қозғалыстың алдыңғықатарында келеді. Еліміз ядролық қаруды таратпаужәне қарусыздану мәселелеріндегі ашықтықтыңкүшін өз тәжірибесінде бүкіл әлемге паш етіп, бұлбағытты сыртқы саясатымыздың негізгіқағидаттарының біріне айналдырды. Бұл тәжірибеядролық қарусыз әлем құрудың мүмкін екеніндәлелдейді. Бүгінде Қазақстан жаһандық қауіпсіздіктінығайтуды, ядролық қатерсіз әлем құруға бағытталғанхалықаралық ынтымақтастықты дамытуды дәйектітүрде қолдайды. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаев ядролық қаруды таратпау жөніндегі жаһандықрежимді нығайтуға бағытталған дәйекті саясатұстанып, 2045 жылға қарай ядролық қарудан толықбас тарту идеясын алға жылжытып келеді. Осыкөрмені аша отырып, біз антиядролық қозғалыстыңқалыптасуына үлес қосқан барша жанға құрметбілдіреміз және Семей полигоны құрбандарыныңрухына тағзым етеміз. Осы тарихи жадты сақтау – өткеннің алдындағы да, болашақтың алдындағы да біздің парызымыз». – деді өз сөзінде Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директорыБақытжан Темірболат.

1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Бұл адамзат тарихындағы ерікті түрде ядролық арсеналдан бас тартудың және әлемдегі ең ірі полигондардың бірін жабудың тұңғыш үлгісі болды.

«Бүгін біз тек полигон тарихын ғана еске алып отырған жоқпыз. Біз бейбітшіліктің бағасы, адамзаттың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі және азаматтық батылдықтың күші туралы сөз қозғап отырмыз. Осы көрме әрқайсымызға бір маңызды ақиқатты еске салсын: тарихты тек мемлекеттер мен әскерлер ғана өзгертпейді. Тарихты шындықты айтуға қорықпайтын және болашақ үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білетін адамдар өзгертеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұлан.

2009 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні болып жарияланды. Бұл дата Қазақстан үшін ерекше мәнге ие болып, тарихи зерденің, бейбітшілікке бағытталған халықаралық үндеудің және ядролық сынақтарды толық тоқтату мақсатында әлемдік қоғамдастық күш-жігерін біріктірудің маңыздылығының символына айналды.

«Семей полигонының жабылуы – Қазақстан халқының, қоғамның, «Невада – Семей» қозғалысының және мемлекеттің ортақ тарихи жеңісі. Бұл үдерісте Олжас Сүлейменовтың орны айрықша – ол қоғамды біріктіріп, ядролық сынақтар мәселесін халықаралық деңгейге көтере білді. Бүгінгі міндетіміз – Семей қасіреті туралы тарихи жадыны сақтау, антиядролық қозғалыстың рухын келешек ұрпаққа жеткізу және Қазақстанның бейбітшілік жолындағы ұстанымын одан әрі нығайту. Бейбітшілік пен болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деп айтты «Невада–Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Ахмурзин. 

Аталған көрме келушілер үшін 2026 жылғы 14 қыркүйекке дейін ашық болады. Кіру тегін.