Басты бет«Қазақстан Республикасының антиядролық саясаты: тарих тағылымы, ұлттық доктрина және геосаяси шын...

«Қазақстан Республикасының антиядролық саясаты: тарих тағылымы, ұлттық доктрина және геосаяси шындық»

«Қазақстан Республикасының антиядролық саясаты: тарих тағылымы, ұлттық доктрина және геосаяси шындық»

27 тамызда сағат 11:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына арналған «Қазақстан Республикасының ядролық қаруға қарсы саясаты: тарих тағылымы, ұлттық доктрина және геосаяси шынайылық» атты дөңгелек үстел өтеді.

29 тамыз – Қазақстан Республикасы, халықаралық қоғамдастық және жаһандық антиядролық қозғалыс үшін тарихи дата. 1991 жылғы 29 тамызда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен әлем бойынша қуаты жағынан Невада полигонынан кейін екінші орында тұрған Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. 2019 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні республикалық мерекелік даталар тізбесіне енгізілді.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастық, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, қазақстандық жетекші сарапшылар және Президенттік орталықтың қызметкерлері қатысады.

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 26 тамыз сағат 18.00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: krg1234567@mail.ru

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-50, +7 701 288 39 36.

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.