Басты бетАстанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына...

Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтеді

Астанада Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған көрменің ашылуы өтеді

2026 жылғы 26 тамызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында «Қазақстан жолы» жобасының аясында   Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 35 жылдығы және Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған «Полигон үнсіз қалғанда: тарихты өзгерткен сөз» көрмесінің ашылуы өтеді.

Семей ядролық сынақ полигоны – ХХ ғасырдың ең ауыр экологиялық және гуманитарлық қасіреттерінің бірі. Полигон аумағында 1949 жылдан 1989 жылға дейін жалпы жиынтығы 456 ядролық сынақ өткізілді. Қырық жылдан астам уақыт бойы жүргізілген ядролық жарылыстар аймақтың экологиялық жүйесі мен миллионнан астам азаматтың денсаулығына орасан зор зиян келтірді.

1989 жылы құрылған «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысы халықтық дипломатияның тиімді құралына айналды. Бұл қозғалыстың көшбасшысы Олжас Сүлейменовтің қызметі қоғамдық сананы оятуда және мемлекеттік шешімдердің қабылдануына ықпал етуде шешуші рөл атқарды.

Семей ядролық полигонының зардаптарын, антиядролық қозғалыстың көшбасшысы, көрнекті ақын Олжас Сүлейменовтің қоғамдық-шығармашылық мұрасын және Қазақстанның бейбітшіл саясатын ҚР Президенттік орталығының қорларынан алынған материалдар негізінде ашып көрсету көрменің басты мақсаты болып табылады.

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 26 тамыз сағат 11.00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: krg1234567@mail.ru

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-50, +7 701 288 39 36.

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.