«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)753500, e-mail: kense@plibrary.kz
Креативтік жобалар қызметінің аға сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Қызметтің жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу; креативтік жобалардың дизайнын әзірлеу; ішкі саясат іс-шараларын идеологиялық қолдау үшін визуалды өнімдер дайындау; Қызметтің, сондай-ақ Талдау қызметінің іс-шаралары мен өнімдеріне презентация дайындау; Президенттік орталық басшылығы мен Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің аға сарапшысы лауазымына жоғары білімі және дизайн саласында үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар адам тағайындалады.
Қызметтің аға сарапшысы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.