Басты бетПрезиденттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті

Президенттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті

Президенттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті Президенттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті Президенттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті Президенттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті Президенттік орталықта Development Day форматындағы кросс-функционалдық кездесу өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында 2026 жылғы 21 тамызда Development Day форматында «Баспа және полиграфия ісінің тарихы, қалыптасуы мен дамуы» атты кросс-функционалдық кездесу өтті. Іс-шараны Баспа және редакциялау қызметі ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі мақсаты қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуды дамыту, кәсіби құзыреттілікті арттыру және Президенттік орталықтың құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.

Кездесудің аясында қатысушыларға баспа және полиграфия ісінің қалыптасуы мен дамуының қызықты тарихы ұсынылды. Баспа және полиграфия шиыршықтарды қолмен көшіруден цифрлық және автоматтандырылған басып шығаруға дейін қалай өткені және бұл процесс мәдениетті, ғылымды және бүкіл әлем бойынша ақпараттың таралуын қалай өзгерткені туралы баяндалды.

Іс-шараға ҚР Президенттік орталығының қызметкерлері қатысты, олар өздерінің кәсіби қызметінде қолданылатын жаңа білім алды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында тәжірибе алмасып, баспа және полиграфия саласындағы мәселелер талқыланды.

Оқытудың мұндай форматтары қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұйымішілік коммуникациялардың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өткен жөн.