2026 жылғы 3 шілдеде сағат 15:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында Астана күніне орай белгілі сәулетші Василий Филиппович Тоскиннің шығармашылық мұрасына арналған «Василий Тоскин: арманға толы, жасампаз қала» архивтік-иллюстрациялық көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Экспозиция Қазақстан Республикасының Құрметті сәулетшісі, Мәскеудегі Халықаралық сәулет академиясының академигі Василий Тоскиннің кәсіби қызметіне арналған. Оның есімі елорданың қалыптасуы мен қазіргі Астананың сәулеттік келбетінің даму тарихымен тығыз байланысты.
Көрменің ашылу рәсіміне мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, сәулетшілер, әріптестері, автордың жақындары мен қонақтары қатысады.
Василий Тоскин – елордадағы Пионерлер сарайы, «Турист» қонақ үйі, «Жастар» сарайы және «Астана» концерт залы сияқты бірқатар маңызды нысандардың авторы. Сондай-ақ ол астананы Ақмолаға көшіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында болып, қаланың бас жоспарын әзірлеуге, тарихи орталығын жаңғыртуға және жаңа әкімшілік орталығын қалыптастыруға белсене қатысты.
Көрмеде сәулетшінің жеке мұрағатынан алынған 200-ден астам бірегей материал – авторлық эскиздер, фотосуреттер, жобалық құжаттар мен тарихи құжаттар ұсынылады. Олар Қазақстанның қазіргі елордасының қалыптасуы мен даму кезеңдерін жан-жақты таныстырады.