ҚР ПІБ Президенттік орталығының корпоративтік мәдениетті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында 2026 жылғы 25 маусымда Development Day форматында «PowerPoint бағдарламасында презентацияларды тиімді дайындау дағдылары» тақырыбында кросс-функционалдық кездесу өтті. Іс-шараны Креативті жобалар қызметі ұйымдастырды.
Тренингтің негізгі мақсаты қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуды дамыту, кәсіби құзыреттерді арттыру және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды нығайту болды.
Тренинг аясында қатысушыларға презентация дайындаудың заманауи тәсілдері, ақпаратты визуалды түрде ұсынудың тиімді құралдары, слайдтардың құрылымы мен дизайнын қалыптастыру қағидаттары, аудиторияның назарын ұстап тұру әдістері және презентациялық материалдардың сапасын арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар таныстырылды.
Іс-шараға ҚР Президенттік орталықтың қызметкерлері қатысып, өздерінің кәсіби қызметінде қолдануға болатын жаңа білім мен дағдыларға ие болды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу жүзеге асып, презентация әзірлеу саласындағы үздік тәжірибелер талқыланды.
Айта кету керек, мұндай оқыту форматтары қызметкерлердің кәсіби әлеуетін дамытуға, корпоративтік мәдениетті нығайтуға және ұйымішілік коммуникациялардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.