Басты бетПрезиденттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті

Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті

Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті Президенттік орталықта «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мен дефиле өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Балауса сезім» балалар жобасы аясында «ЭКОсән» қалалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі мен дефиле өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Жобаны ҚР Президенттік орталығы, Астана қ. Білім басқармасы және ЮНЕСКО клубы болып табылатын елордалық Балалар көркемсурет мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, экологиялық жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеу, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту және сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу.

«ЭКОсән» – қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен адам денсаулығына жауапкершілікпен қарау идеяларын насихаттауға бағытталған жоба. Ол өскелең ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға ықпал етеді.

«Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылып отырған «ЭКОсән» байқауы балаларға өз таланттарын танытып қана қоймай, әрқайсымыздың қоршаған ортаны сақтауға қалай үлес қоса алатынымыз туралы ойлануға мүмкіндік береді. Қайта өңделетін материалдардан жарқын әрі ерекше киім үлгілерін әзірлеген қатысушылар қиялдың, шеберлік пен креативті ойлаудың арқасында қарапайым заттардың өзіне жаңа өмір сыйлауға болатынын көрсетті. Бүгін біз табиғатқа жанашырлық танытып, белсенді өмірлік ұстанымы мен айналасындағы әлемді жақсартуға деген ұмтылысын үлгі етіп жүрген жас дарындарды құрметтейміз», – деп атап өтті ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

 

Шығармашылық байқау биылғы жылдың наурыз айында жарияланған болатын. Қазылар алқасының қарауына 4 пен 15 жас аралығындағы 52 қатысушыдан 70-тен астам жұмыс келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша дефиле барысында ұсынылған 32 үздік жұмыс анықталды.

Байқау ережесіне сәйкес әр жас санаты бойынша бас жүлде иегерлері, сондай-ақ I, II және III дәрежелі лауреаттар анықталды. Қатысушылар қатарында Астана қ. Балалар көркемсурет мектебінің, № 2 Балалар өнер мектебінің, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының және елорданың басқа да қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері болды.

Қазылар алқасының құрамында Халықаралық суретші-педагогтер одағының мүшесі Асқар Смағұлов пен Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, академик Әлия Ғайсина болды.

Іс-шараның шарықтау шегі дефиле болды. Онда жас авторлар мен дизайнерлер тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңделетін материалдардан жасалған ерекше киім үлгілерін көпшілік назарына ұсынды. Көрермендер пластикалық бөтелкелерден, кәмпит қағаздарынан, полиэтилен пакеттерден, бір рет қолданылатын ыдыстардан, газет-журналдардан және басқа да материалдардан әзірленген тың дизайнерлік шешімдерді тамашалады.

«ЭКОсән» шығармашылық байқауы балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау құндылықтарын насихаттауға бағытталған маңызды бастама болып табылады.