Басты бетПрезиденттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ

Президенттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ

Президенттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні  – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ Президенттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні  – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ Президенттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні  – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ Президенттік орталықтағы Мемлекеттік рәміздер күні  – мектеп оқушыларына арналған музейлік сабақ

ҚР  Президенттік орталығында Жұмабек Тәшенев атындағы №10 мектеп-гимназиясының тоғызыншы сынып оқушыларына арналған Мемлекеттік рәміздер күніне орай музейлік сабақ өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – тарихи деректерді бекітумен ғана шектелмей, ұлттық рәміздерге деген шынайы құрметті қалыптастыру және заң алдындағы азаматтық жауапкершіліктің маңызын түсіндіру болды.

Сабақтың теориялық бөлімі қызықты құқықтық диалог форматында өтті. Оқушылар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихындағы маңызды кезеңдерді еске алып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның негізгі нормаларымен танысты. Дәріс барысында лектор нақты мысалдар арқылы мемлекеттік рәміздерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оларды қасақана қорлағаны үшін көзделетін қылмыстық жауапкершіліктің ара-жігін түсіндірді.

Сабақтың ең тартымды әрі белсенді кезеңі RAFT (рөл – аудитория – формат – тақырып) әдістемесі бойынша ұйымдастырылған командалық практикум болды. Әртүрлі рөлдерді меңгерген оқушылар өмірде кездесетін нақты жағдайларға этикалық тұрғыдан жан-жақты талдау жасады. Олар Туды сақтау мәдениеті, спорттық жарыстар кезінде Әнұран орындалған сәттегі тәртіп ережелері және цифрлық кеңістікте контент таратудағы медиаэтика мәселелеріне қатысты жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар, «Менің азаматтық шешімім» атты жеке тапсырма аясында әр қатысушы мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік таныту фактілерінің алдын алу мен оған дұрыс әрі сыпайы түрде әрекет етудің кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын өз алгоритмін ұсынды.

Кездесу соңында жоғары сынып оқушылары «3-2-1» интерактивті рефлексиясына қатысып, өздері үшін жаңадан білген үш деректі, рәміздерге ұқыпты қараудың екі алтын қағидасын және бір жеке азаматтық уәдесін тұжырымдады. Өз идеяларын біріктіріп, шығармашылық жобаларын қорғаған оқушылар бірауыздан сыныптың «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу кодексін» қабылдады. Алған білімдерін бекіту мақсатында оқушыларға үй тапсырмасы ретінде салыстырмалы құқықтық кестелер әзірлеу немесе әлеуметтік желілерге арналған патриоттық подкасттың не бейнероликтің сценарийін дайындау ұсынылды.