Басты бетПрезиденттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді

Президенттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді

Президенттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді Президенттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді Президенттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді Президенттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді Президенттік орталық қызметкерлері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына арналған әдеби сағат өткізді

ҚР ПІБ Президенттік орталығы қызметкерлері көрнекті ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Тауды аласартпай, даланы асқақтату...» атты әдеби сағат ұйымдастырды. Іс-шара «ҚазМедТех» АҚ-да 40-қа жуық адамның қатысуымен өтті.

Аталған іс-шара Мемлекет басшысының 2026 жылғы 16 мамырдағы «Оқу мәдениетін дамыту және оқушы ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында өткізілді.

Кітап вернисажының негізгі мақсаты — қатысушыларды Олжас Сүлейменовтің бай шығармашылық мұрасымен таныстыру, патриоттық сезімді нығайту, ұлттық мәдениетке құрмет қалыптастыру, сондай-ақ тарихи сана мен рухани бірлік идеяларын зерделеу болды.

Кездесу барысында қатысушылар ақын әрі ойшылдың көпқырлы қызметімен келесі тақырыптар аясында танысты: «Олжас Сүлейменов феномені: ақын, ғалым, өркениетаралық тұлға», «АзиЯ: тіл білімі мен тарихи пайымдаудағы ғылыми жаңашылдық», «Олжас Сүлейменов: экология, адамзат қауіпсіздігі және гуманизм», «Түркі әлемі және мәдени код мәселесі», сондай-ақ «Ақын шығармашылығындағы ғылым және ғарыштық сана: адамзат пен ғылым — біртұтас».

Талқылау барысында қатысушылар Олжас Сүлейменов идеяларының қазіргі әлемдегі өзектілігін атап өтіп, оның мәдениеттердің өзара ықпалдасуы, төзімділік, гуманизм және ұлттық бірегейлікті сақтау жөніндегі көзқарастарының маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар іс-шара аясында автордың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, мұрағаттық бейнематериалдар көрсетілді.

Еуразия халықтарының ортақ тарихын қайта пайымдаудағы маңызды кезеңге айналған әрі ХХ ғасырдағы гуманитарлық ғылымға елеулі ықпал еткен көрнекті тарихи-лингвистикалық зерттеу — АзиЯ кітабына ерекше назар аударылды.

Кездесу модераторы Әйгерім Асылбаева жазушының Қазақстан әдебиеті, ғылымы мен қоғамдық өмірінің дамуына қосқан зор үлесі туралы айтып берді. Өз сөзінде ол: «Мұндай іс-шаралар оқуға деген қызығушылықты арттыруға, патриоттық құндылықтарды нығайтуға және мәдени әртүрлілікке құрмет қалыптастыруға маңызды үлес қосады», — деп атап өтті.