«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы»
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz
Экскурсия жұмысы қызметінің сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
өзіне жүктелген міндеттердің уақытында және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау; Президенттік орталықтың ішкі тәртібі шеңберінде басшылықтың талаптарын, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; келушілердің әртүрлі жас және әлеуметтік топтарына мемлекеттік тілде экскурсиялар жүргізу; экскурсияның бақылау мәтініне сәйкес экскурсия жүргізу әдістемесін меңгеру; шолу экскурсиясының жеке мәтінін дайындау; экскурсия жүргізушінің жеке папкасын қалыптастыру; тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелер бойынша тақырыптық, көшпелі экскурсиялардың мәтіндерін әзірлеу; Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы – «Ақорда» бойынша экскурсиялар жүргізу; экскурсияның бақылау және жеке мәтіндерін қоғамдық-саяси өзектендіруді жүргізу; экскурсиялардың жаңа тақырыптары мен маршруттарын әзірлеу; экскурсия түрлері, тақырыптық маршруттар және экскурсиялық коммуникацияның басқа да түрлері бойынша сараптамалық қорытынды дайындау; негізгі іс-шаралардың апта сайынғы медиа-грид жоспарын дайындау; Президенттік орталықтың ресми сайтында жариялау үшін мемлекеттік тілде ақпараттық материалдар дайындау; Қызметтің келешектегі және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысу; Қызмет басшысына жылдық, жартыжылдық, тоқсандық және апталық жұмыс жоспарлары мен есептерін ұсыну; Қызметтің экскурсияларды ұйымдастыру секторының құзіретіне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қатысатын іс-шараларды дайындау және өткізуге қатысу; Президенттік орталықтың уақытша көрмелерін өткізуге қатысу; Ғылыми конференцияларға, семинарларға және Президенттік орталықтың ағарту жұмыстарына қатысу; экспозициялар мен көрмелерді БАҚ-та таныстыру; Қызмет басшысының, Президенттің орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау; Қызметтік және өндірістік қажеттілік мақсатында Қызмет сарапшысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жазбаша келісіммен мереке және демалыс күндері міндеттерді орындауға тартылуы мүмкін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің сарапшысы лауазымына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және бейіні бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.
Қызмет сарапшысы музей ісі саласындағы қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін; экскурсиялық қызметке қатысты әдістемелік құжаттарды; еңбек заңнамасының негіздерін; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; жоспарлы-есептік құжаттаманы құрастыру тәртібін; музей ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені; басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету негіздерін; компьютерлік техниканы қолдану негіздерін; ішкі еңбек тәртібі ережелерін; еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.