Басты бет«Экспонаттар сыр шертті»: жетінші сынып оқушылары Президенттік орталық музейінде батырлық институ...

«Экспонаттар сыр шертті»: жетінші сынып оқушылары Президенттік орталық музейінде батырлық институтымен танысты

«Экспонаттар сыр шертті»: жетінші сынып оқушылары Президенттік орталық музейінде батырлық институтымен танысты «Экспонаттар сыр шертті»: жетінші сынып оқушылары Президенттік орталық музейінде батырлық институтымен танысты «Экспонаттар сыр шертті»: жетінші сынып оқушылары Президенттік орталық музейінде батырлық институтымен танысты «Экспонаттар сыр шертті»: жетінші сынып оқушылары Президенттік орталық музейінде батырлық институтымен танысты

15 мамыр күні ҚР  Президенттік орталығында «Экспонаттар сыр шертті…» циклінің «Қазақстан тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында «Батырлық институты: дәстүрі, мәртебесі және қару-жарағы» атты экскурсия-сабақ өтті. Дәріске №117 жалпы білім беретін мектептің жетінші сынып оқушылары қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты өз халқының тарихымен таныстыру, патриоттық рухқа тәрбиелеу және ата-баба мұрасына деген құрметті қалыптастыру.

Мәдени-ағарту жобалары қызметінің аға сарапшысы Гүлсім Сәрсекеева оқушыларға Дипломатиялық сыйлықтар галереясы залында танымдық экскурсия өткізді. Оқушылар қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында маңызды рөл атқарған батырлық институтының тарихи маңызы туралы мағлұмат алып, дала қаһармандары мен батыр аналардың есімдерін еске алды.

Лектор сондай-ақ әлем халықтарының мәдениетіндегі қару-жарақтың сакралды мәніне ерекше тоқталып, музей қорында сақталған Дағыстанның Кубачи және Оралдың Златоуст қару жасау мектептерінің жоғары көркемдікпен жасалған бірегей туындыларымен жан-жақты таныстырды.

Интерактивті әңгіме барысында жеткіншектер көшпенділердің дәстүрлі «Бес қару» кешенін жан-жақты зерделеді. Оның құрамына қылыш, найза, садақ, шоқпар және жауынгерлік балта кіретіні айтылды.

Сабақтың ең әсерлі бөлігі – экспонаттармен тактильді танысу болды. Жас қонақтар заманауи отандық зергер-шеберлер жасаған қару үлгілерін қолдарына ұстап көрді. Кездесу соңында оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, алған білімдерін еркін пікір алмасу форматында бекітті.