Басты бетКонкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ

 

010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,

Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz

 

Талдау қызметінің аға сарапшысы

 

Функционалдық міндеттері:

өзіне жүктелген міндеттердің уақытылы және толыққанды іске асырылуын қамтамасыз ету; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; талдамалық материалдар үшін тақырыптық ақпаратты іздеу және жинау; Қызметтің іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Қызмет басшысының сұранысы бойынша анықтамалық ақпаратты жинақтау және дайындау; Қызметтің жұмысы туралы есептерді жинақтау және дайындау; Президенттік орталықта белгіленген қағидаларға сәйкес Қызметтің іс қағаздарын жүргізу; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен, ғылыми-білім беру мекемелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; Президенттік орталық басшылығы мен Қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Қызметтің аға сарапшысы лауазымына жоғары білімі, мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.

Қызметтің аға сарапшысы: Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ғылыми зерттеулер жүргізу технологиясын, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуге тиіс.

 

Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

 

1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);

2) анықтама-объектив;

3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.