Басты бетҚұрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар! Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осы жарқын мерекеде біз баға жетпес қазынамыз – азаматтарымыздың достығы мен ынтымағына, қазақстандық патриотизмге және ортақ Отанымызға деген адалдыққа ерекше құрмет білдіреміз.
Қазақстан – жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Әрқайсысы қайталанбас, әр этностың өз тілі, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар. Алайда баршамызды біріктіретін негізгі ұстаным – Отанымызға деген ортақ сүйіспеншілік және бірлік, патриотизм, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзара құрмет секілді жалпы қазақстандық қағидаттар. Олар еліміздің орнықты дамуының  берік іргетасын қалыптастырды.
Биылғы жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумның қорытындысы бойынша қабылданған жаңа Конституция осы құндылықтарды одан әрі жан-жақты нығайтуға және әділетті әрі өркендеген Қазақстан құру жолында дамытуға кең мүмкіндік береді.
Осы мерекелі күні сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта жылулық, молшылық пен қуаныш салтанат құрсын! Қазақстан халқының бірлігі ортақ болашағымыздың сенімді тірегі болып қала берсін!
 
Құрметпен,
 
Қазақстан Республикасы
Президенттік орталығының
Директоры​​​​​
Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ