22-30 сәуір аралығында «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» атты онлайн-форматтағы семинар-тренингтер сериясы өтті. Бұл іс-шара еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының: М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қарағанды индустриялық университеті және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің студенттерінің басын қосты.
Вебинарлар бағдарламасы мазмұндылығымен және практикалық бағыттылығымен ерекшеленді. Спикерлер қатысушыларға танымдық дәрістер, интерактивті тапсырмалар, командалық ойындар, жобалық қызмет элементтері мен тренингтік жаттығуларды ұсынды. Мұндай формат студенттердің заманауи қоғамдық-саяси процестер туралы білім деңгейін кеңейтті, сондай-ақ оларды жастардың ел дамуындағы рөлін белсенді талқылауға тартуға мүмкіндік берді.
Жаһандық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның стратегиялық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жаңа шындықтың сын-қатерлерін тереңірек түсінуге және қоғамдық трансформация үдерістерінде өз орындарын анықтауға мүмкіндік алды. Игі іс-шараның маңызды нәтижесі – студенттердің бойында азаматтық жауапкершілік пен белсенді өмірлік ұстанымның маңыздылығы туралы тұтас түсінікті қалыптастыру болды.
Қарағанды индустриялық университетінің басшылығы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және жастар әлеуетін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдірді. ҚарИУ Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Нина Попова атап өткендей, студенттердің мұндай білім беру жобаларына қатысуы «олардың дүниетанымын кеңейтуге, талдамалық ойлауын, коммуникативтік және командалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ олардың қоғамдық дамудың белсенді қатысушылары ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етеді».