2026 жылғы 29 сәуірде сағат 15:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Цифрлық трансформация: Қазақстан үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді. Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, стартаптар мен инновациялық компаниялар, жасанды интеллект саласындағы ғалымдар, зерттеушілер, әзірлеушілер мен инженерлер, сондай-ақ еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысады.
Аталған іс-шара Қазақстандағы цифрландырудың қазіргі жағдайын талқылау және талдау алаңы болады. Сараптамалық кездесу барысында заманауи жаһандық сын-қатерлер жағдайында экономиканы және әлеуметтік саланы технологиялық тұрғыдан жедел трансформациялау, сондай-ақ қоғамдық өмірде жасанды интеллектті қолданудың табысты тәжірибелерін ауқымдау бойынша сараптамалық ұсынымдар әзірлеу жоспарланып отыр.
Аккредитация міндетті!
БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: presidentcenter5@gmail.com
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).
Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.