Басты бетАстанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды...

Астанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған конференция өтті

Астанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған конференция өтті Астанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған конференция өтті Астанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған конференция өтті Астанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған конференция өтті Астанада жас ғалымдардың ғылымын дамытуға арналған, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдануға бағытталған конференция өтті

ҚР ПІБ Президенттік орталығында «AIU 2026: Жасанды интеллект және цифрлық трансформация — жастар ғылымын дамыту векторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.

Аталған іс-шара Қазақстандағы Ғылым күніне орай ұйымдастырылып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізілді.

Іс-шараны ҚР ПІБ Президенттік орталығы Astana International University, Beijing Language and Culture University және Kyrgyz State Technical University named after I. Razzakov бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстаннан және шетелдерден келген 100-ге жуық жас ғалымдар, жетекші сарапшылар, тәжірибешілер мен студенттер қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсатыпедагогика, құқық, жаратылыстану ғылымдары мен дизайн салаларын қоса алғанда, түрлі білім бағыттарына жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін талқылау. Қатысушылар еліміздің цифрлық дамуына ықпал ететін инновациялық идеяларын ұсынып, шешімдер пулын қалыптастыруды көздейді.

«Бүгінгі таңда жасанды интеллект адам өмірінің іс жүзінде барлық салаларына, соның ішінде өндіріс, сауда, банк секторы, мемлекеттік басқару, ғылым, білім беру, медицина және қаржы салаларына еніп, күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан жасанды интеллектті дамыту жөніндегі жаһандық бәсекеге Google, Meta, Baidu, Alibaba секілді жетекші әлемдік державалар мен трансұлттық компаниялардың қосылуы заңдылық.

Жасанды интеллекттің дамуы – ғылыми-техникалық прогрестің заңды нәтижесі болып табылатын объективті үдеріс. Алайда, мұнда жасанды интеллект ең алдымен адам санасының туындысы екенін, оның барлық артықшылықтары мен кемшіліктерін бойына сіңіретінін ұмытпауымыз керек. Сондықтан оны қалай қалыптастырып, қалай бағыттайтынымыз өзімізге байланысты. Бұл үдерісте жетекші рөлді, сөзсіз, ғалымдар атқаруы тиіс.

Қазақстан әлемдік үрдістерге сай жасанды интеллект саласын дамытуға ерекше мән беріп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді, «Жасанды интеллект туралы» заң қабылданды, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жанынан Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті құрылды, жоғары оқу орындарында ЖИ мамандарын даярлау бағдарламалары енгізілді. Ал 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат.

“Халықаралық деңгейде ұйымдастырылған бүгінгі конференция өз мақсатына толық жетті. Сөз алған баяндамашылар қазіргі заманның басты тренді – цифрлық трансформация мен ЖИ мүмкіндіктерін әр қырынан талдап берді. Ұсынылған жеті баяндама да жаңашылдығымен ерекшеленді. Ортаға салынған тың идеялар мен сапалы талқылаулар жиналған қауымның көңілінен шығып, жоғары бағасын алды” – деді Astana International University ректоры Анар Мырзағалиева

Пікірталас алаңында «QazInnovations» ұлттық инновацияларды дамыту агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Әбілов, Цзянсу мұхит университетінің менеджмент докторы Ся Мэнъяо (Қытай), «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерді сүйемелдеу және дамыту департаментінің директоры Қуандық Жайлашев, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Умут Омурзакова (Қырғызстан), Сұлтан Идрис атындағы білім беру университетінің стратегиялық департаменті директорының орынбасары Мухаммад Нуразлан Абд Азис (Малайзия), Тәжікстан Республикасы Конституциялық сотының өкілі Фируз Бобоев (Тәжікстан), Ресей Ғылым академиясының Санкт-Петербург федералдық зерттеу орталығының компьютерлік қауіпсіздік мәселелері зертханасының аға ғылыми қызметкері Василий Десницкий, Staffordshire University компьютерлік ғылымдар және цифрлық инновациялар профессоры Elhadj Benkhelifa, сондай-ақ Astana International University 1-курс докторанты Рахат Ережепов сөз сөйледі.

Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы дайындалатын болады.

Айта кетейік, конференцияның екінші күні (секциялық отырыстар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары) 2026 жылғы 23 сәуірде Astana International University қабырғасында өтеді.