Басты бетАстанада жастар зерттеулеріне Жасанды интеллекттің ықпалы талқыланады

Астанада жастар зерттеулеріне Жасанды интеллекттің ықпалы талқыланады

Астанада жастар зерттеулеріне Жасанды интеллекттің ықпалы талқыланады

2026 жылғы 22 сәуірде сағат 10:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «AIU 2026: Жасанды интеллект және цифрлық трансформация — жастар ғылымының даму векторы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Аталған іс-шара Қазақстандағы Ғылым күніне орайластырылған және Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып отыр.

Іс-шараны ҚР ПІБ Президенттік орталығы Астана халықаралық университетімен (Astana International University), Бейжің тілдер және мәдениет университетімен (Бейжің қ., Қытай) және Қырғыз мемлекеттік техникалық университетімен (И. Раззаков атындағы, Бішкек қ., Қырғызстан) бірлесіп ұйымдастырады.

Конференция алаңында Қазақстаннан және шетелден келген студенттерді, жас ғалымдарды, жетекші сарапшылар мен практиктерді біріктіреді.

Конференцияның миссиясы – педагогика мен құқықтан бастап жаратылыстану ғылымдары мен дизайнға дейінгі әртүрлі білім салаларына жасанды интеллектті енгізу мәселелерін талқылау. Қатысушылар елдің цифрлық дамуына арналған шешімдер пулын қалыптастыратын инновациялық идеяларын ұсынады.

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 21 сәуір сағат 18:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: presidentcenter5@gmail.com

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.