2026 жылғы 14 сәуірде сағат 15:00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Ғарыш дәуіріне – 65 жыл: бүгіні мен болашағы» атты жастардың ғарыш саласы өкілдерімен сараптамалық кездесуі өтеді. Іс-шара Юрий Гагариннің ғарышқа ұшқанына 65 жыл толуына және қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуына 35 жыл толуына орай ұйымдастырылады.
Кездесу қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерімен ашық диалог форматында өтеді және отандық ғарыш саласын дамытудың өзекті мәселелеріне, ведомствоаралық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ Қазақстандағы ғарыш қызметі мен азаматтық авиация саласында жастарды жұмыспен қамту мәселелеріне арналады.
Сараптамалық кездесу аясында Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің өкілдері, сондай-ақ «ҰК «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ және «Ғалам» ЖШС басшыларының баяндамалары жоспарланған.
Аккредитация міндетті!
БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 14 сәуір сағат 11:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: presidentcenter5@gmail.com
Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).
Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.