Басты бетПрезиденттік орталық Астана қаласының мектеп оқушыларына арналған «Таза табиғат – жарқын болашақ»...

Президенттік орталық Астана қаласының мектеп оқушыларына арналған «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты көшпелі экологиялық көрме өткізді

Президенттік орталық Астана қаласының мектеп оқушыларына арналған «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты көшпелі экологиялық көрме өткізді Президенттік орталық Астана қаласының мектеп оқушыларына арналған «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты көшпелі экологиялық көрме өткізді Президенттік орталық Астана қаласының мектеп оқушыларына арналған «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты көшпелі экологиялық көрме өткізді Президенттік орталық Астана қаласының мектеп оқушыларына арналған «Таза табиғат – жарқын болашақ» атты көшпелі экологиялық көрме өткізді

ҚР ПІБ Президенттік орталығы ағымдағы жылдың 8 сәуірінде Астана қаласының Халықаралық мектебінде 7-сынып оқушыларының қатысуымен «Таза табиғат – жарқын болашақ» тақырыбында көшпелі көрме өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алған «Таза Қазақстан» ұлттық жоспары мен ауқымды экологиялық акциясын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

«Таза табиғат – жарқын болашақ» көшпелі көрмесінің мақсаты - орта мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетті дамыту, табиғатты аялауға тәрбиелеу, тазалық пен тәртіпті сақтау, сондай-ақ ұлттық мұраны сақтау арқылы жасампаздық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық жауапкершілікке қатысты мінез-құлықтың негізгі қағидаттарымен танысып, «Таза немесе лас?"» және «Дұрыс сұрыпта», сондай-ақ «Менің Таза Қазақстаным» тапсырмасы аясында шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Көрме аясында Қазақстанның экологиялық ахуалы мен экологиялық білім беру мәселелеріне және «жасыл» экономиканы дамытуға арналған кітаптар мен ақпараттық материалдар ұсынылды.

Қатысушылар отандық және шетелдік авторлардың өзекті экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын көрсететін еңбектерімен танысты.