Басты бетЖан біткен тарих сабағы: қазақтың зергерлік ісі

Жан біткен тарих сабағы: қазақтың зергерлік ісі

Жан біткен тарих сабағы: қазақтың зергерлік ісі Жан біткен тарих сабағы: қазақтың зергерлік ісі Жан біткен тарих сабағы: қазақтың зергерлік ісі

8 сәуірде Астана қаласының № 6 гимназиясында ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері «Қазақтың зергерлік өнері» тақырыбында көшпелі музей сабағын өткізді. Сабақ барысында бесінші сынып оқушылары халық қолөнершілері әлеміне тарихи саяхат жасап, асыл металл жарқылының астарында көшпелілер өркениетінің мағынасы терең көпғасырлық дәстүрлері барын білді.

Дәрістің негізгі тақырыбы қазақтың материалдық мәдениетіндегі негізгі металл – күмістің қасиетті мағынасы турасында болды. Сарапшылар мектеп оқушыларына ата-бабаларымыздың күмісті тек әсемдігі үшін ғана емес, сонымен қатар оның қорғаныштық қасиетін де жоғары бағалап, тазалық пен денсаулықтың символы санағанын түсіндірді. Оқушылар нәзік сымдарды өруден (филигрань) бастап, сіргелеу (зернь) мен бедерлеудің күрделі әдістеріне дейінгі жауһар дүниелердің жасалу жолдарын қызығушылықпен зерделеуге тырысты.

Зергерлік бұйымдардың «мәдени код» ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды. Балаларға әшекейлердің түр-түрі көрсетіліп, ерте заманда олар арқылы адамның әлеуметтік мәртебесін, жасын, тіпті қай рудан екендігін де айна қатесіз анықтауға болатындығы түсіндірілді. Көрнекі мысалдар балалардың сыңғырлаған шолпы немесе хабаршы-жүзіктер сияқты заттардың атқарған қызметін түсінуіне ықпал етті.

Сабақ соңында Президенттік орталықтың сарапшылары әрбір зергерлік бұйым – ұлттың бірегей «генетикалық коды» жасырылған баға жетпес жәдігер екенін атап көрсетті. Тарихпен осындай етене байланыстың арқасында мектеп оқушылары ұлттық әшекейлерге жаңаша көзқараспен қарап, олардан жай ғана әдемі заттарды емес, ата-бабаларының рухани аманатын көре білді.