Басты бет«Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы

«Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы

«Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы «Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы «Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы «Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы «Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы «Наурыз. Таным. Тарих.»: Заманауи әлемдегі дәстүр тағылымы

Ұлттық мейрам – Наурызды атап өту аясында Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында қазақ халқының мәдени мұрасын насихаттауға және ұлттық дәстүрлер туралы білімді тереңдетуге бағытталған «Наурыз. Таным. Тарих.» атты тақырыптық экскурсиялық апталық өтті. Елорда тұрғындары мен қонақтарына Наурыз мейрамының тарихи және рухани мәнін заманауи музей кеңістігі тұрғысынан пайымдауға негізделген интерактивті экскурсиялар ұйымдастырылды.

Экскурсиялық бағдарлама Наурызнама онкүндігінің негізгі күндеріне орай әзірленген авторлық тақырыптық маршруттарды қамтыды. Атап айтқанда, Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне арналған «Рухани мұра және дәстүр сабақтастығы» тақырыптық экскурсиясы рухани құндылықтардың сабақтастығы, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелері және қазіргі қоғамдағы дәстүрдің рөлі туралы мазмұнды түсінік берді.

Ұлттық киім күніне арналған «Тарихтың алтын өрнегі» тақырыптық экскурсиясында Фатима ханшаның бешметі мысалында дәстүрлі киімнің бірегейлігі ашылып, оның көркемдік символикасы, әлеуметтік мәртебелік қызметі және тарихи құндылығы айрықша көрсетілді.

Жаңару күніне орай ұйымдастырылған «Наурыз – оянған дала, түлеген тіршілік» және «Наурыз – көктем мен дәстүр мерекесі» тақырыптық экскурсиялары табиғаттың жаңғыруын, адам мен қоршаған орта үйлесімін және оған ұқыпты қараудың маңызын айқындайтын Наурыз философиясына арналды.

Экскурсанттар тарихи деректермен және этнографиялық ерекшеліктермен танысып қана қоймай, жаңару, бірлік және ұрпақтар сабақтастығы идеяларына негізделген Наурыз мейрамының терең мазмұны мен символикалық мәніне бойлай алды.

Экскурсиялық апта аясында білім беру бағытына ерекше назар аударылды. Бағдарламалар әртүрлі жас санаттарына бейімделіп әзірленді: мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына, орта және жоғары буын оқушыларына, сондай-ақ колледж студенттеріне арналған мазмұн ұлттық дәстүрлердің мәнін қолжетімді әрі интерактивті форматта түсіндіруге мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың ел тарихы мен мәдениетіне ерте жастан қызығушылығын қалыптастырып, мәдени білімнің сабақтастығын қамтамасыз етуге ықпал етті. Сонымен қатар экскурсиялар елорда тұрғындары мен қонақтарына да өткізіліп, мерекелік іс-шараларға әртүрлі жас және әлеуметтік топтардың қатысуына жағдай жасап, ортақ мәдени кеңістіктің қалыптасуына негіз болды.

Өткізілген экскурсиялар Наурыз мерекесінің табиғаттың жаңаруы мен қоғамның рухани жаңғыруының символы ретіндегі терең мәнін айқындап, игілік, мейірімділік, өзара көмек және дәстүрге құрмет құндылықтарын дәріптейтін Наурызнама онкүндігінің мазмұнын кеңінен танытты. Тақырыптық апта мәдени диалогты дамытуға, ұлттық бірегейлікті нығайтуға және Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды алаңға айналды.