«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz
Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің жетекші сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
Экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыруға, ұйымдастыру жұмыстарының барысын бақылау; экспозициялар мен көрмелердің ғылыми негіздегі тұжырымдамасын және тақырыптық-экспозициялық жоспарын (ТЭЖ) дайындау; көрмелік алаңдарды рационалды қолдануды анықтау және ұсыныстар дайындау; музейдің экспозициялық-көрмелік қызметтері барысында қазақстандықтардың бойындағы ұлттық тарих пен мәдениетті елдің бәсекеге қабілетті жақтарының айқындалған негізгі факторларына сараптама жасау; белгіленген тақырыптарға құрылған экспозициялық-көрмелік жәдігерлердің тарихи-мәдени қасиеті арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде музейлердің қоғамдағы маңызды орын алатын жақтарын айқындау; музей экспозициясы және уақытша көрмелердің шағын буклеттерінің, шақыру билеттерінің, қажет болған жағдайда арнайы жолсілтемелердің (путеводитель) мәтіндерін дайындау, ғылыми экспозициялық тұрғыда келушілерге тиімді әрі қолайлы жақтарын белгілеу; экскурсиялардың, көрме материалдарының, анонстардың, баспасөз релиздердің, аннотациялардың, афишалардың, этикетаждың мәтіндерін әзірлеу / редакциялау; сәндік-қолданбалы және бейнелеу өнерінің шеберлері, музей саласының мамандарының шеберлік-сыныптарын ұйымдастыру, өткізу; көрме қызметінің нәтижелері бойынша материалдардың тұрақты жариялануын қалыптастыру; экспозициялар мен көрмелерді қалыптастыру және өткізу барысында музей заттарының сақталуын қамтамасыз ету; көрмелерге фото- бейнематериалдар іріктеу және бейнематериалдарды тақырыптарға сай монтаждау жұмыстарын жүргізуге бақылау жасау; экспозициялар мен көрмелерге алынған экспонаттарға қабылдау-тапсыру және қайтару актілерін мезгілінде дайындауды қамтамасыз ету; тақырыпқа сәйкес тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге орналастыру үшін музей жинағынан экспонаттарды алдын ала іріктеуді жүзеге асырады, көрменің ашылу рәсімдерінің сценарий жоспары мен сценарийлік барысын жасайды; тұрақты экспозициялар мен көрмелер этикетажының мазмұнына ғылыми көзқарасты қамтамасыз ету; қызмет бейіні бойынша жарияланымдар үшін ғылыми ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асыру; Президенттік орталықтың көрме жобаларын табысты іске асыруды және қарқынды дамытуды қамтамасыз ету; көрмелердің мазмұнын тереңдету мақсатында Орталық топтамасын толықтырудың тиімді тетіктерін іздестіруді жүзеге асырады (сонымен қатар әртүрлі өңірлік музей мекемелерімен әріптестік жұмыс шеңберінде); экспозициялық-көрме қызметі аясында шетелдік және отандық музейлермен жемісті ынтымақтастық орнату жөнінде өзекті ұсыныстар дайындау, сондай-ақ оның нәтижелерін одан әрі танымал ету жөнінде жұмыс жасау; экспозициялар мен көрмелерге арналған музейлік заттарының құндылығын кәсіби сараптау рәсімін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; жинақталған кәсіби тәжірибеге сәйкес біліктілікті арттырудың басым бағыттарын айқындау; БАҚ-қа арналған материалдарды дайындау; Орталықтың конференциялары мен семинарларының жұмысына қатысу; турникеттерді, планшеттерді немесе шыны витриналарды орнату; Музейде жұма сайын өткізілетін тазалық (санитарлық) күндерге қатысу; музейдегі зал қараушылардың қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру (ай сайынғы және апталық жұмыс кестелерін жасау, санитарлық күндерге қатысу және т. б.); Қызмет қызметкерлерінің экспозицияларды бақылауының ай сайынғы кестесін және экспозицияларда Қызмет қызметкерлерінің санитариялық күндерді өткізуінің жыл сайынғы кестесін жасайды; Қызметтің жылдық, айлық, имидждік жұмыс жоспарларын жасауға қатысады; Орталық басшылығының және қызмет басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жетекші сарапшы лауазымына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және бейіні бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.
Қызметтің жетекші сарапшысы келесілерді білу керек: музей саласындағы қатынастарды регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілер, экспозициялық-көрме жұмыстарына қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттар, музей жәдігерлері мен музей жинағын зерттеу, жариялау жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі, авторлық және ортақ құқық саласындағы заңнамалар, музей бұйымдарын сипаттау ережесі, мәдени құндылықтар мен музей бұйымдарын сараптауды ұйымдастыру тәртібі, музей бұйымдарын уақытша және тұрақты қолдануға беру тәртібіне қойылатын талаптар, музей экспозициясындағы экспонаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттар, еңбек заңнамасының негізі, еңбек пен басқаруды ұйымдастырудың негіздері, есептік-жоспарлау құжаттамаларын құрастыру тәртібі, музей ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибелерді, ішкі еңбек тәртібінің ережесі, еңбекті қорғау ережесі және өрт қауіпсіздігі тәртібі.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.