Бүгін Президенттік орталық ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жүйесі қызметкерлерінің басын қосқан Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі аясында ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарлама мазмұнды өтіп, ұлттық мәдениеттің мол мұрасын айшықтайтын түрлі форматтарды біріктірді.
Қатысушылар ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынында зияткерлік қабілеттерін көрсетсе, ұлттық және патриоттық туындыларды қамтыған концерттік қойылымдар арқылы шығармашылық әлеуеттерін паш етті, сондай-ақ «Наурыз дастарханы» байқауында қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі мен ұрпақтар сабақтастығын таныстырды. Іс-шара тек өзін-өзі таныту мен тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар корпоративтік мәдениетті нығайтудың, ұжымды біріктірудің және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызды алаңына айналды.
Мерекелік жиын Наурыздың заманауи философиясының көрінісіне, яғни қоғамды біріктіретін, мәдени құндылықтарды нығайтатын және үйлесім, жаңару мен өзара құрметке негізделген жаңа кезеңнің басталуын білдіретін мейрамға айналды.