Басты бетҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті

ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті

ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті ҚР Президенттік орталығында тоғызқұмалақтан дәстүрлі турнир өтті

Бүгін, көктем мерекесі – Наурыз қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенттік орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері арасында тоғызқұмалақтан жыл сайынғы турнир өтті.

Тоғызқұмалақ турнирін жыл сайын өткізу ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып қана қоймай, ұлтымыздың мәдени дәстүрлері мен тарихи мұрасына деген құрметті дәріптеудің маңызды құралы саналады.

Жарысқа Іс басқармасының 13 ұйымынан командалар қатысты, бұл турнирге ерекше маңыз бен ауқым берді.

Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» құрмет грамотасымен «Бүркіт» авиакомпаниясының өкілі Рахат Баржақсынов марапатталды. «Үздік партия» номинациясы бойынша Президент Архивінің қызметкері Дастан Жұманбаев грамота алды. Командалық есепте бірінші орынды Медициналық орталық өкілдері, екінші орынды Іс басқармасы командасы, үшінші орынды Мемлекеттік резиденциялар дирекциясының қызметкерлері иеленді.

«Тоғызқұмалақ бұл жай ғана ойын емес, бұл ата-бабаларымыздан бізге жеткен мәдениеттің бір бөлігі. Біздің міндетіміз өскелең ұрпаққа ұлттық ойындардың маңыздылығын түсіндіру, ол төзімділікті, зейінді және стратегиялық ойлауды дамытады», – деп атап өтті сайыс қатысушысы.

Биыл да, өткен жылдардағыдай, жарыс достық әрі бәсекелестік жағдайында өтіп, қатысушылар мен көрермендерге тек жағымды эмоциялар мен алдағы жеңістерге шабыт сыйлады.