ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» бағдарламасы бойынша екі күндік семинар-тренингтер сериясы өтті. Іс-шаралар студенттердің азаматтық сана-сезімін қалыптастыруға, көшбасшылық қасиеттері және құндылық бағдарларын дамытуға бағытталған.
11-12 наурызда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.) студенттері оффлайн-сессиялардың қатысушысы болды. 18-19 наурызда семинар-тренинг Astana IT University студенттері үшін ұйымдастырылды.
Бағдарлама аясында дәріскерлер мен сарапшылар жастарға арнап интерактивті сабақтар мен дәрістер өткізіп, қазіргі заманның өзекті мәселелері мен ел дамуының стратегиялық басымдықтарына арналған практикалық кейстерді ұсынды. Студенттер Қазақстандағы саяси және әлеуметтік процестер туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, сыни ойлау дағдыларын дамытуға, конституциялық реформаларды талқылауға және өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік алды. Білім беру бағдарламасы аясында тақырыптық экскурсиялар да ұйымдастырылды.
Семинар-треннинг қорытындысы бойынша барлық тындаушыларға курсты тәмамдағанын растайтын сертификаттар табыс етілді.