16 наурызда білім беру жобаларын іске асыру аясында Қазтұтынуодағының жоғары колледжінің студенттері үшін «Қазіргі заманның экологиялық мәселелері» тақырыбында көшпелі дәріс өтті.
Кездесу барысында ҚР ПІБ Президенттік орталығының қызметкерлері қазіргі экологиялық ахуалды кеңінен баяндады. Климаттың өзгеруінен бастап су тапшылығына дейінгі қазіргі заманғы экологиялық сын-қатерлерге қарсы тұрудамемлекеттік стратегиялармен қатар, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігіне басымдық берілді.
Қазақстанның өзіндік ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Студенттер өңір үшін өзекті мәселелерді: су экожүйелерінің жай-күйі мен суды ұтымды пайдалануды, шөлейттенуге қарсы күрес пен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын, елдің тұрақты дамуының негізі ретінде «жасыл»экономикаға көшуді талқылады.
Дәрістің негізгі бөлімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын талқылауға арналды. Қатысушылар ауқымды жылпыұлттық науқанның абаттандыру және тазалық мәдениетін енгізу бойынша жүйелі жұмысқа қалай айналып жатқанын талдады.
Көшпелі дәріс ашық диалог форматында өтті. Студенттер жастар ұйымдарының акцияға қатысу жолдарын белсенді талқылады. «Таза Қазақстан» – бұл бір реттік сенбілік емес, тұрмыстық әдеттерді өзгертуге және эко-патриотизмді қалыптастыруға бағытталған ұзақ мерзімді жоба екені атап өтілді.