Басты бетПрезиденттік орталық Әлихан Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде әдеби сағат өткізді

Президенттік орталық Әлихан Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде әдеби сағат өткізді

Президенттік орталық Әлихан Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде әдеби сағат өткізді Президенттік орталық Әлихан Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде әдеби сағат өткізді Президенттік орталық Әлихан Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде әдеби сағат өткізді

2026 жылғы 13 наурызда ҚР ПІБ Президенттік орталығы Әлихан Бөкейхан атындағы «Binom school» мектеп-лицейінде мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясының жетекшісі, Алаш автономиясы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым және аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына арналған «Ұлт рухының шамшырағы» атты әдеби сағат ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның бай мұрасын, өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметін кеңінен таныстыру, сондай-ақ «Алаш» қозғалысы туралы мәліметтер беру арқылы Қазақстан тарихын, мәдени және ғылыми мұрасын насихаттау.

Шара барысында Президенттік орталықтың кітапхана қорындағы халқымыздың көрнекті перзентінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын ашып көрсететін еңбектер таныстырылды. Сонымен қатар, осы іс-шараға арнайы дайындалған бейнепрезентация да оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Мектеп-лицей оқушылары топтарға бөлініп, зияткерлік квиз-ойынға қатысып, ұлт көшбасшысы Әлихан Нұрмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы, «Алаш» қозғалысы және Қазақстан тарихы жөніндегі сұрақтарға жауап берді.

Іс-шара соңында Президенттік орталық қызметкерлері әр командаға және мектеп-лицей кітапханасына кітаптар сыйға тартып, өз ризашылықтарын білдірді.