Басты бетПрезиденттік орталықта Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды

Президенттік орталықта Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды

Президенттік орталықта  Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды Президенттік орталықта  Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды Президенттік орталықта  Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды Президенттік орталықта  Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды Президенттік орталықта  Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды Президенттік орталықта  Айткүл Тасмағамбетованың жеке көрмесі ашылды

ҚР ПІБ Президенттік орталығында суретші, дизайнер, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық пластикалық өнер қауымдастығының мүшесі, Еуразиялық көркемсурет одағының мүшесі Айткүл Тасмағамбетованың Қазақстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Қылқалам шерткен жыр ғалам» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Көрмеде суретшінің кескіндеме жанрындағы, соның ішінде абстрактілі бағыттағы 50-ден астам туындысы көрермен назарына ұсынылды.

Айткүл Тасмағамбетова – көптеген республикалық және халықаралық көрмелер мен байқаулардың жүлдегері. Ол Лондонда өткен «Golden time talent» фестивалінде күміс медальға ие болды. Чехияда өткен «Білім планетасы» халықаралық байқауында «Сақ ханшайымы» атты туындысы үшін бірінші дәрежелі медальмен марапатталған. Сонымен қатар Қазақстан өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Дала өрнектері» медалімен наградталған. Мәскеу қаласында өткен халықаралық көркемөнер нысандары мен шығармашылық бастамалар фестивалінің лауреаты.

2022 жылдың қазан айында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Азияның жетекші суретшілерінің көрмесінде «Үздік шетелдік кескіндеме» номинациясы бойынша гран-при иеленді.

Сонымен қатар А. Тасмағамбетова – қазақ өнері, этнопедагогика және жастар тәрбиесі тақырыптарына арналған көптеген мақалалар мен жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған оқу құралдарының авторы. Сондай-ақ әйелдер киімі мен зергерлік бұйымдардың, ұлттық кәдесыйлардың дизайнын жасаған.

Іс-шараға мәдениет, өнер және білім саласының өкілдері, қоғамдық ұйымдар мүшелері мен жұртшылық қатарынан шамамен 90 адам қатысты.

Айта кету керек, суретшінің туындылары Қазақстан, Түркия, Жапония, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Малайзия, ҚХР, Ресей, Өзбекстан және Чехия елдерінің музейлері мен жеке коллекцияларында сақталған. Ал шыны талшықтан жасалған шағын пішіндегі мүсіндері Астана қаласының көшелері мен саябақтарын көріктендіріп тұр.