Басты бетҚұрметті әйелдер қауымы! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнім...

Құрметті әйелдер қауымы! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әйелдер қауымы!  Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осы көктемнің мерейлі күні біз қоғамда ерекше орын алатын, күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып, айналасына шабыт пен жылулық сыйлайтын нәзік жандыларға шынайы ризашылығымыз бен зор құрметімізді білдіреміз.

Адамзаттың көркем жаратылысы қоғамда әрқашан ерекше орын алып келеді. Бүгінде қазақстандық әйелдер мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, мәдениет және қоғамдық қызмет салаларында табысты еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз мемлекетіміздің тұрақты дамуының маңызды тіректерінің бірі.

2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасын қабылдау мәселесі бойынша өтетін республикалық референдумда мемлекеттің қандай таңдау жасайтыны көп жағдайда сіздерге және сіздердің азаматтық ұстанымдарыңызға байланысты.

Қымбатты нәзік жандылар, Сіздерге зор денсаулық, амандық, толағай табыс және бақыт тілеймін! Даналықтарыңыз бен күш-жігерлеріңіз Отанымыздың өркендеуінің берік негізі болып қала берсін, ал әрбір таңдауларыңыз елімізді жарқын болашаққа бастасын!

 

Құрметпен,

Қазақстан Республикасы

Президенттік орталығының

директоры

Бақытжан ТЕМІРБОЛАТ