Басты бетЖастар және жаңа шындық: оқушыларға арналған семинар-тренинг

Жастар және жаңа шындық: оқушыларға арналған семинар-тренинг

Жастар және жаңа шындық: оқушыларға арналған семинар-тренинг Жастар және жаңа шындық: оқушыларға арналған семинар-тренинг Жастар және жаңа шындық: оқушыларға арналған семинар-тренинг Жастар және жаңа шындық: оқушыларға арналған семинар-тренинг

Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы өскелең ұрпақтың бойында азаматтық сана мен құндылықтарды дамытуға бағытталған білім беру жобаларын жүзеге асыруды жалғастыруда.

          25 ақпан мен 5 наурыз аралығында «Жаңа шындықтағы Қазақстан: жастар өзгерістер дәуірінде» атты кезекті семинар-тренинг өтті: Астана қаласының №76 мектеп-лицейі мен №75 мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары үшін көшпелі семинар, Ақмола, Алматы және Абай облыстарының оқушылары үшін онлайн семинар.

          Дәрістер барысында Мәдени және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкерлері Ақбота Хамитова мен Назира Мусина «Әділетті Қазақстан» курсына терең талдау жасады. Институционалдық реформалар мен жаңа әлеуметтік этикаға ерекше көңіл бөлінді. Тренингтің екінші бөлігі елдегі трансформацияның негізгі факторы ретіндегі жастардың рөліне арналды. Қатысушылар өздеріне берілген мүмкіндіктермен қатар, қоғам болашағы алдындағы жеке жауапкершілік мәселесін де қарастырды.

          Теориялық білімдерін Әсия Оспанова мен Күнзия Үмбетова жүргізген интерактивті тренингтер арқылы шыңдады. Жоғары сынып оқушылары практикалық тапсырмаларды орындап, командалық ойындарға қатысып, өздерінің әлеуметтік жобаларын жасады.

          Қатысушылар да, мұғалімдер де жобаның маңыздылығын атап өтті. Көкшетау қаласының № 5 «Таңдау» көпсалалы мектеп-гимназиясы» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Оразымбетованың айтуынша, Президенттік орталықтың семинар-тренингі алғашқы күні-ақ өзінің мазмұндылығы мен практикалық құндылығын көрсетті.

          «Талқыланған мәселелер бүгінгі әлемде жастардың рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар тәрбие жұмысының сапасын арттыруға және патриоттық тәрбиені нығайтуға ықпал етеді», - деді ол.