Басты бетПрезиденттік орталықтың ұжымы үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті

Президенттік орталықтың ұжымы үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті

Президенттік орталықтың ұжымы үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті Президенттік орталықтың ұжымы үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті Президенттік орталықтың ұжымы үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті Президенттік орталықтың ұжымы үшін қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған семинар өтті

ҚР Президенттік орталық қызметкерлерінің қаржылық білімін жетілдіру мақсатында «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде арнайы семинар өткізілді. Аталған жобаның менторы, қаржы сарапшысы Дулат Мыңбаев қатысушылармен жеке қаржыны тиімді басқарудың негізгі қағидаларын және бюджетті ұтымды жоспарлау тәсілдерін талқылады.

Семинар барысында қаржылық жағдайды талдау, жеке және отбасылық бюджетті дұрыс ұйымдастыру, кірістер мен шығыстарды есепке алу, табыс мөлшеріне қарамастан қаражатты тиімді пайдалану жолдары жан-жақты қарастырылды.

Кездесу ұжымның белсенді қызығушылығын оятып, пікір алмасу және сұрақ-жауап форматында өтті.