Басты бетПрезиденттік орталықта Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтеді

Президенттік орталықта Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтеді

Президенттік орталықта Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтеді

2026 жылғы 26 ақпанда сағат 15.00-де ҚР ПІБ Президенттік орталығында «Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар» атты халықаралық конференция өтеді.

          Конференция мемлекеттің конституциялық жаңғыруы жағдайында гендерлік саясаттың негізгі бағыттары мен отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелерін талқылауға арналған кәсіби алаң болмақ.

          Іс-шара аясында тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған жаңартылған конституциялық тәсілдерге талдау жасау, отбасы институтын, ана мен баланы қорғау мәселелері, сондай-ақ осы саладағы құқықтық реттеудің халықаралық тәжірибесі мен үздік практикаларын қарастыру жоспарланып отыр.

          Халықаралық конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады.

 

Аккредитация міндетті!

БАҚ өкілдерінен 2026 жылғы 25 ақпан сағат 18:00-ге дейін өз деректерін төмендегі электрондық пошта мекенжайына жіберуді сұраймыз: presidentcenter5@gmail.com

Байланыс нөмірі: 8 (7172) 69-30-57, +7 707 955 59 05 (Оңалбаева Сауле).

Мекенжай: Астана қ., Бөкейхан көшесі, 1а.