«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz
Экспозицияларды және көрмелерді ұйымдастыру қызметінің сарапшысы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыста жүрген кезеңіне)
Функционалдық міндеттері:
экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастырады, ұйымдастыру жұмысының барысын қадағалайды; тұрақты экспозициялар (реэкспозициялар) мен көрмелер үшін тұжырымдамалар мен тақырыптық-экспозициялық жоспарларды әзірлейді; көрме алаңдарын ұтымды пайдалану бойынша ұсыныстар дайындайды; буклеттердің, шақыру билеттерінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда музей экспозициялары мен уақытша көрмелер бойынша нұсқаулықтардың тиімді және келушілерге ыңғайлы мәтіндерін әзірлейді, анықтайды; экскурсиялардың, көрме материалдарының мәтіндерін дайындайды / өңдейді, анонстар, пресс-релиздер, аннотациялар, плакаттар, этикетаж әзірлейді; сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен музей саласы мамандарының шеберлік сыныптарын ұйымдастырады; көрме қызметінің нәтижелері бойынша материалдарды тұрақты жариялауды қамтамасыз етеді; экспозициялар мен көрмелерді қалыптастыру және өткізу барысында мұражай заттарының сақталуын қамтамасыз етеді; тақырыптарға сәйкес көрменің фото-бейнематериалдарын іріктеуді, бейнематериалдардың монтаждау жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады; экспозициялар мен көрмелер үшін қабылданған экспонаттарды қабылдау-беру және қайтару актілерін уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді; тақырыпқа сәйкес тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге орналастыру үшін музей жинағынан экспонаттарды алдын ала іріктеуді жүзеге асырады, көрменің ашылу рәсімдерінің сценарий жоспары мен сценарийлік барысын жасайды; тұрақты экспозициялар мен көрмелер этикетажының мазмұнына ғылыми көзқарасты қамтамасыз етеді; жинауға және өңдеуге ғылыми ақпаратты жариялау үшін қызмет бейіні бойынша; экспозициялық- көрме жобаларының табысты іске асырылуын және қарқынды дамуын қамтамасыз етеді; көрмелердың мазмұнын тереңдету мақсатында Орталық топтамасын толықтырудың тиімді тетіктерін іздестіруді жүзеге асырады (сонымен қатар әртүрлі өңірлік музей мекемелерімен әріптестік жұмыс шеңберінде); экспозициялар мен көрмелерге арналған музейлік заттарының құндылығын кәсіби сараптау рәсімін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; жинақталған кәсіби тәжірибеге сәйкес біліктілікті арттырудың басым бағыттарын айқындайды; жұмыс барысында өз қызметін және көрсеткіштерін жоспарлауды талдайды; БАҚ үшін материалдар дайындауды жүзеге асырады; Орталықтың конференциялары мен семинарларының жұмысына қатысады; экспозициялық-көрме қызметі бойынша ілеспе құжаттардың Қызметтің іс номенклатурасын жасайды; Мұражай қараушылардың жұмысын бақылау жүргізу және санитариялық күндерді өткізуіне қатысады (апта сайын); Қызмет басшысының және Орталық басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің сарапшысы лауазымына кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және бейіні бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар тұлға тағайындалады.
Қызметтің сарапшысы музей ісі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді: экспозициялық-көрме қызметіне қатысты нормативтік және әдістемелік құжаттарды, музейлік заттары мен музей коллекцияларын зерделеу, жариялау, олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін, авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамасын, музейлік заттарын сипаттау және айқындау қағидалары, мәдени құндылықтар мен музейлік заттарына сараптама ұйымдастыру тәртібін, музейдің экспозициялық-көрме қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарын, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін, жоспарлы-есепті құжаттаманы жасау тәртібін, музей ісі саласындағы отандық және шетелдік тәжірибені, басқарудың құжаттамалық қамтамасыз ету негіздерін, компьютерлік техниканы қолдану негіздерін; ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларын білуге тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.