Басты бет
›
Бүлдіршіндерге арналған музей әліппесі
Бүлдіршіндерге арналған музей әліппесі
17 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері «Атамекен» ғылыми-білім беру жобасы аясында Астана қаласындағы №5 «Ақбота» балабақшасының балалары үшін музейге саяхат сабағын ұйымдастырды. «Атамекен» жобасы балалардың туған жерінің тарихына құрметпен қарауын, зерттеу дағдыларын және тәуелсіз ойлауын дамытуды мақсат етеді.
«Музей және балалар (кішкентайларға арналған әліпби-нұсқаулық)» білім беру сериясының аясында өткен іс-шара «М» әрпіне арналып, балаларды мәдени және тарихи құндылықтарға баулуға, әліпбимен танысуын бекітуге, таным көкжиегі мен сөздік қорын кеңейтуге, музей әлемін қабылдауға бағытталған.
Біріктіретін «Достық эстафетасы» және тақырыптық жұмбақтармен басталған интерактивті сабақ барысында балалар Президенттік орталықтың қызметімен танысып, «жәдігер» және «топтама» терминдерінің мағынасын зерттеді. Музей топтамаларындағы атаулары «М» әрпінен басталатын заттарға ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында жас қатысушылар «Жинақты толтыр» ойынында білімдерін нығайтып, жіктеу дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.