«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz
Цифрландыру қызметінің жетекші сарапшысы
Функционалдық міндеттері:
ұйым жобаларын ұйымдастырушылық және құжаттамалық сүйемелдеу; бекітілген жоспарларға, мерзімдерге және көрсеткіштерге сәйкес жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету; жобалау іс-шараларының орындалу барысын мониторингілеу және бақылау нүктелерін бақылау; жобалардың мәртебесі туралы ақпаратты жинау, талдау және шоғырландыру; жобалар бойынша есептілікті, талдамалық анықтамаларды және презентациялық материалдарды дайындау; құрылымдық бөлімшелер мен жобаларға қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; жобаларды іске асыру шеңберінде қабылданған тапсырмалардың орындалуын бақылау; жобаларды іске асыру кезінде тәуекелдер мен ауытқуларды анықтау және жауапты тұлғаларды уақтылы хабардар ету; жобалық басқарудың ішкі регламенттері мен әдіснамасының сақталуын қамтамасыз ету; жобалық тізілімдердің, жоспарлар мен кестелердің өзектілігін қолдау; ұйымның жобалары мен бағдарламаларының нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге жәрдемдесу; жасанды интеллект (бұдан әрі – ЖИ) технологияларын қолдана отырып, жобаларды енгізуге және сүйемелдеуге қатысу; ЖИ қолдану мүмкіндіктерін айқындау мақсатында ұйымның үдерістері мен деректерін талдау; ЖИ-шешімдерде пайдалану үшін деректерді жинауға, дайындауға және құрылымдауға қатысу; жобаларда ЖИ-құралдарын қолдану тиімділігінің мониторингі және талдамалық қорытындылар дайындау; Президенттік орталықтың қызметкерлеріне ақпараттандыру мәселелерінде консультациялық көмек көрсету жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызметтің жетекші сарапшысы лауазымына ақпараттық технологиялар саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және тиісті жұмыс өтілі кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.
Қызметтің жетекші сарапшысы: Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және нормативтік-техникалық материалдарды, ұйымның даму перспективаларын, ұйымның құрылымын, оның бөлімшелері арасындағы өндірістік және функционалдық байланыстарды, ақпараттық жүйелердің міндеттері мен мазмұнын, ақпараттық жүйелер мен кіші жүйелер жобаларын әзірлеу тәртібін, техникалық сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін білуге тиіс, есептеу техникасы, коммуникациялар және байланыс құралдарын пайдалану мақсаты мен ережелері, міндеттерді қою тәртібі, оларды алгоритмдеу, ақпаратты автоматтандырылған өңдеуді жобалау негіздері, ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары, техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу тәртібі, еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі, өндірістік санитария қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.