3 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының қызметкерлері «Музей және балалар. Әліппе – кішкентайларға арналған нұсқаулық» жобасы аясында көшпелі музей сабағын өткізді.
Сабақ барысында №54 «Нұр-Ай» балабақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушілері танымдық-сауық ойындары мен шығармашылық тапсырмалар арқылы жаңа сөздер мен ұғымдармен танысты. Алған білімді бекіту үшін Президенттік орталықтың қорларынан кейбір музейлік жәдігерлері пайдаланылды.
Бұл тәсіл мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі мен сөздік қорын кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар танымдық қызығушылықтарының дамуына, сондай-ақ балалардың мәдени және тарихи құндылықтармен танысуына және музей әлемін қабылдауға дайын болуына ықпал етеді.