«Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы» РММ
010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а,
Анықтама телефоны: 8(7172)693083, e-mail: kense@plibrary.kz
Креативтік жобалар қызметінің басшысы
Функционалдық міндеттері:
өз құзыреті шегінде басшылықтың тапсырмаларын уақытында орындау; еңбек және орындаушылық тәртібін сақтау; Президенттік орталық қызметінің ішкі тәртібі шеңберінде нұсқаулықтар, бұйрықтарды, регламенттер мен өзге де актілер талаптарын орындау; Қызмет жұмысының бағыттары бойынша міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу, Қызмет жұмысын ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметін имидждік қолдау міндеттеріне сәйкес жұмыс жоспарын және олардың орындалуы туралы есептерді дайындау; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметін имидждік қолдау үшін медиа-пакеттерді дайындау; имидждік жобаларды дайындау сапасы мен мерзімін бақылауды жүзеге асыру; Қызмет жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету; Азаматтық қоғам институттарымен және сараптамалық ортамен өзара іс-қимылды ұйымдастыру, сұрау салу бойынша сараптама іс-шараларын ұйымдастыру; медиа-өрістің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асыру, ақпараттық-талдамалық анықтамалар дайындау; Қазақстан Республикасында және шетелде ғылыми-практикалық іс-шараларға қатысу (шығын шақырушы тараптың есебінен жабылған жағдайда); Қызмет қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту және іссапарға жіберу мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; Президенттік орталықта белгіленген қағидаларға сәйкес Қызметте іс жүргізуді бақылауды жүзеге асыру; бюджетті қалыптастыру үшін экономика және қаржы қызметіне ақпаратты уақытылы беруді жүзеге асыру; тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру, Экономика және қаржы қызметіне ұсынылған өтінімдер негізінде жасалған келісімшарттардың талаптарына сәйкес мерзімдерде мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартты (көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар, жеткізілген тауарлар, шот-фактуралар актілері) орындау жөніндегі құжаттарға қол қою; комиссия мүшесі қызметкерлердің еңбек өтілін есептеу бойынша айқындаған кезде комиссия жұмысына қатысу; іссапарлардың, біліктілікті арттырудың жылдық жоспарын, Қызмет қызметкерлерінің демалыс кестелерін дайындау; Президенттік орталық директорының және директордың салаға жетекшілік ететін орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Қызмет басшысы лауазымына жоғары білімі, PR және коммуникация саласында басшы лауазымында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар адам тағайындалады.
Қызмет басшысы: Қазақстан Республикасының Ішкі саясат саласындағы мәселелерді реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, іс-шараларды ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жасау және жасасу тәртібін, іскерлік қарым-қатынас этикасын, іс жүргізу негіздерін, еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, өрт қауіпсіздігі талаптарын білуі тиіс.
Мынадай құзыреттердің болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық, өзін-өзі дамыту, жеделдік, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) нысан бойынша өтініш (бұдан әрі-өтініш);
2) анықтама-объектив;
3) білімі туралы құжаттар және оларға қосымшалар.