Басты бетӨнермен тыныстаған кеңістік: Президенттік орталықтағы көрмелер мен шығармашылық экскурсиялар

Өнермен тыныстаған кеңістік: Президенттік орталықтағы көрмелер мен шығармашылық экскурсиялар

Өнермен тыныстаған кеңістік: Президенттік орталықтағы көрмелер мен шығармашылық экскурсиялар Өнермен тыныстаған кеңістік: Президенттік орталықтағы көрмелер мен шығармашылық экскурсиялар Өнермен тыныстаған кеңістік: Президенттік орталықтағы көрмелер мен шығармашылық экскурсиялар

Президенттік орталықтың қабырғасында бүгінгі өнердің тынысын айқындайтын, әртүрлі буын мен көркемдік ұстанымдарды тоғыстырған екі бірдей көркемөнер көрмесі өз көрерменін қабылдауда. Экспозиция кеңістігінде Тәттімбет атындағы №1 Өнер мектебі түлектерінің «Тамыр. Түлек. Тұлға» атты дипломдық жұмыстары мен Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, танымал қылқалам шебері Жеңіс Қәкенұлының «Қала ырғағы» жеке көрмесі қатар ұсынылған. Бұл жобалар жас толқынның ізденісі мен кемел шеберліктің арасындағы көркем диалогты қалыптастырып, ұлттық көркемдік дәстүрдің сабақтастығы мен заманауи өнердің дамуын айқын көрсетеді.

Көрмелер аясында ұйымдастырылған тақырыптық экскурсиялар көрерменге туындыларға өзгеше қырынан үңіліп, көркем бейнелердің ішкі мәнін терең сезінуге жол ашады. Экскурсия жүргізушілері мен келушілер арасындағы еркін, жанды әңгіме авторлық идеялардың ашылуына, бейнелеу тілінің нәзік иірімдерін, түстік үйлесімдер мен композициялық шешімдерді тереңірек пайымдауға мүмкіндік береді.

Экскурсиялар жас көрермендерден бастап, өнерді терең бағалайтын ересек қауымға дейінгі кең аудиторияны қамтиды. Қатысушылар көрген туындылар төңірегінде ой бөлісіп, сауал қойып, өз әсерлерін ортаға салу арқылы әрбір сапарды мазмұнды рухани тәжірибеге айналдырады.

Көрмелер әсіресе жастар арасында зор қызығушылық тудырды. Олардың қатарында Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының тәрбиеленушілері де бар. Көргендерінен шабыт алған жас суретшілер Президенттік орталықтың өзінде-ақ қылқаламға қол созып, көрме кеңістігін тірі шығармашылық шеберханаға айналдырды.

Сонымен қатар, тақырыптық экскурсияларға Астананың өзге білім беру мекемелерінің оқушылары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де қатысты. Көпшілік үшін бұл эксурсиялар заманауи өнермен танысудың ғана емес, өнердің Отан бейнесін қалыптастырудағы, тарих пен қалалық кеңістікті зерделеудегі маңызын терең ұғынудың бірегей мүмкіндігіне айналды. Жас авторлар мен танымал шебердің туындыларын қатар тамашалау дүниетанымды кеңейтіп, көркемдік талғамды шыңдауға, композиция, түс пен пішін заңдылықтарын терең түсінуге жол ашады.

Осылайша, тақырыптық экскурсиялар өнердің өткені мен бүгіні, болашағы арасындағы рухани сабақтастықты жалғап, ұрпақтар үндестігін айшықтайды. Мұндай шығармашылық алаңдар мәдени дамудың үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, көрерменді өнер әлеміндегі жаңа ізденістер мен жаңалықтарға жетелейді.